Жиынға Жетісу облысы әкімінің бірінші орынбасары Әлібек Әскербекұлы Жақанбаев, Жетісу облыстық мәслихатындағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшелері, сондай-ақ Жетісу облысы әкімдігінің басқарма басшылары қатысты.
Отырыста партияның сайлауалды бағдарламасында көзделген ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, табиғи ресурстар және құрылыс салалары бойынша 2024-2025 жылдарға арналған мақсат-міндеттердің орындалу барысы талқыланды.
Күн тәртібіндегі негізгі мәселе бойынша Жетісу облысы әкімінің бірінші орынбасары Әлібек Әскербекұлы Жақанбаев сөз сөйлеп, фракция мүшелеріне аталған салалардағы көрсеткіштердің жүзеге асырылу барысы жөнінде есеп берді.
Сондай-ақ, Талдықорған қаласы бойынша ауыл шаруашылығы мен құрылыс салаларына бағытталған көрсеткіштердің өткен және ағымдағы жылдардағы орындалуы туралы Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары Рүстем Сағындықұлы Бершінбеков баяндады.
Жиын барысында жауапты мекеме басшылары да өз салалары бойынша сұрақтарға жауап беріп, алдағы жоспарлар мен туындаған мәселелерді шешу жолдары талқыланды.