Бәсекелестікті дамыту бойынша ұсынымдар әзірленді

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті (бұдан әрі-Департамент) Жетісу облысының географиялық шекараларында Республикалық маңызы бар автомобиль жолын орташа жөндеу қызметтері нарығындағы бәсекелестік ортаның жай-күйіне жоспардан тыс талдау нәтижелері бойынша, Тауар нарығындағы бәсекелестік ортаның жай – күйіне талдау және бағалау жүргізу жөніндегі Әдістеменің 79 тармағына сәйкес бәсекелестікті дамыту жөніндегі ұсынымдар, басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органға-Талдықорған қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне жұмыста есепке алу және жұмыста пайдалану үшін жіберілді.

Бәсекелестіктің дамуына кедергі болатын жүйелік мәселелерді болдырмау мақсатында Департамент мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы мен тапсырыс берушіге болашақта лоттың іріленуінің болдырмау мақсатында үлкен лоттарды жұмыс түрлеріне қарай бірнеше лотқа бөлуді ұсынды.

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту

агенттігінің Жетісу облысы бойынша Департаменті.