
2025 жылы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында «Қаратал» бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында «Ұлы Жеңістің тарихы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараның басты мақсаты – ерлік пен батырлықтың үлгісін көрсеткен ардагерлерді ұлықтау, жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру және тарихи жадымызды жаңғырту. Дөңгелек үстелге соғыс және тыл ардагерлері, қоғам қайраткерлері, ұстаздар мен жастар қатысты.
Шара барысында қатысушылар Ұлы Жеңістің тарихи маңызы, елдің тағдырына әсері және ардагерлердің жанқиярлық ерлігі туралы пікір алмасты. Ардагерлер өз естеліктерімен бөлісіп, сол бір ауыр жылдардың шежіресін баяндады. Әсіресе, жас буын өкілдері ардагерлердің әңгімелерін ықыласпен тыңдап, сұрақтарын қойды.