Ескелді ауданында «Қарызсыз қоғам» жобасы жүзеге асуда

📌Қоғамдағы қаржылық тұрақтылық – әрбір азаматтың қаржыға қатысты сауатты шешім қабылдауынан басталады. Осы бағытта елімізде қолға алынған «Қарызсыз қоғам» жобасы бүгінде халықтың қаржылық сауаттылығын арттыруға нақты серпін беріп отыр.

📌Аталған жоба аясында Ескелді ауданының Қарабұлақ ауылдық округінде кеңес беру жұмыстары жүргізілуде. Қарызы 90 күннен асып кеткен азаматтармен жеке кездесулер ұйымдастырылып, олардың табысын тиімді басқару, шығынды жоспарлау, қажетсіз несиеден аулақ болу жолдары кеңінен түсіндірілуде.

📌Мамандар әрбір тұрғынға жеке қаржысына жауапкершілікпен қарау, қарыз жүктемесін азайту және болашақта қаржылық қиындықтарға тап болмаудың жолдарын үйретуде.