Жоба

 Ескелді ауданы бойынша жер салығының базалық

мөлшерлемелерін арттыру туралы

 «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 510-бабына сәйкес, Ескелді аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

       1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жүргізілетін жерлерді аймақтарға бөлу жобаларының (схемаларының) негізінде Ескелді ауданы бойынша «салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 505, 506-баптарында белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелері 50 пайызға арттырылсын.

          2. Осы шешім 2026 жылдың 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Лауазымы Аты-жөні