Ескелді ауданының жерлерінің нысаналы мақсаты бойынша аймақтарға бөлу жобасын (схемасын) бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 8-бабының 2- тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес, Ескелді ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Ескелді ауданының жерлерін нысаналы мақсаты бойынша аймақтарға бөлу жобалары (схемалары) 1-11- қосымшаларына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешімнің орындалуына бақылау аудан әкімінің орынбасары А. Исабековке жүктелсін (келісім бойынша).
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Лауазымы Аты-жөні