Бұл күн «Наурызнама» онкүндігі аясында отбасы құндылықтарын дәріптеуге, ұлттық салт-дәстүрлерді сақтап, ұрпаққа жеткізуге арналды. Ауданымызда бұл маңызды күнді атап өту үшін үлгілі отбасылар шақырылып, олардың отбасы жайлы ой-пікірлері тыңдалды.Шаңырақ күнінің құрметіне орай, ауданымыздың мерейлі отбасы, төрт баланың ата-анасы Мырзагалиев Айбек пен Мырзагалиева Фаина өз отбасылық құндылықтары мен тәрбиесі туралы бөлісті.
👨👩👧👦 Олар отбасының берекесі мен ынтымағының негізі, бала тәрбиесі және ұлттық дәстүрлердің маңызы туралы кеңінен әңгімеледі. Айбек пен Фаина отбасы мүшелерінің арасындағы өзара түсіністік пен құрметті жоғары бағалайды. Олар балаларына қазақтың дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын үйретіп, өздерінің отбасында салауатты, еңбекқор және рухани жағынан бай тұлғалар өсіруге басымдық береді.
⭐Мырзагалиевтар отбасының өмірі – қазіргі қоғамдағы үлгілі отбасылардың бірі. Олардың отбасы тәрбиесіндегі басты қағида – бірлік, сүйіспеншілік және өзара көмек. Бұл құндылықтар олардың отбасылық қарым-қатынасында айқын көрінеді. «Балаға тәрбие үйден басталады», – дейді олар. Мырзагалиевтар отбасы ұрпаққа қазақы тәрбие беруге, ұлттық салт-дәстүрлерімізді сақтау мен насихаттауға аса мән береді.
🌟Шаңырақ күні – бұл отбасылық құндылықтарды қайта жаңғырту, ұрпақтар сабақтастығын жалғастыру және қоғамда отбасылық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған ерекше күн. Мырзагалиевтар отбасы өздерінің үлгілі тәрбиесімен, отбасындағы татулық пен бірлік арқылы жас ұрпаққа өнеге көрсетуде.
💫Бұл күннің маңызы әрбір шаңырақ үшін зор. Отбасы құндылықтарын ұлықтап, оларды жастар арасында насихаттау – еліміздің мәдениеті мен болашағы үшін маңызды.