ЕСКЕЛДІ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ.

✅Бүгін Ескелді ауданы әкімінің орынбасары Тулакбаев Болат Толымбекұлы аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады.

☑️Қабылдау барысында азаматтар өздеріне маңызды сұрақтар мен мәселелер бойынша кеңес алып, тиісті жауаптар мен көмек алды. Тұрғындар тарапынан негізінен тұрғын үй, жер бөлу, әлеуметтік көмек және басқа да тұрмыстық мәселелер көтерілді.

✍️Ескелді ауданы әкімінің орынбасары барлық өтініштерді мұқият тыңдап, әрбір мәселеге қатысты тиісті шараларды қабылдау үшін жауапты бөлімдерге тапсырмалар берді.