✍️ 15 ақпан — Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылған күніне орай, «Сырымбет» бастауыш ұйымының ұйымдастыруымен «Бұл күн тарихи күн» тақырыбында тарихи сағаты өткізілді.
Ауған жерінен кеткеніне ширек ғасырдан астам уақыт өтсе де, бұл соғыс майданегерлердің мәңгілік жан-жарасына айналды. Жалындап тұрған жас шағында мыңдаған азаматтар жат елде жан тапсырып, тірі қалғандар майданнан түрлі жарақатпен оралды.
Ауған жерінде жауынгерлік міндетін абыроймен атқарған ардагерлер бүгінгі таңда еліміздің әртүрлі саласында еңбек етіп жүр. Оның ішінде Нұрлан Бапанұлы, Ерлік Ерікбайұлы, Күнбар Әділханұлы мырзалар бастаған ардагерлер әртүрлі қоғамдық іс-шаралардан қалыс қалған емес.