ШЫМЫР АУЫЛЫНДАҒЫ ФЕЛЬДШЕРЛІК-АКУШЕРЛІК ПУНКТ ҚҰРЫЛЫСЫНА МОНИТОРИНГ ЖҰМЫСЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Бүгін «AMANAT» партиясы Ескелді аудандық филиалдың төрағасы М.Серік және Ескелді аудандық мәслихат депутаттары Қарабұлақ ауылдық округі, Шымыр ауылында болып, жаңадан салынып жатқан фельдшерлік-акушерлік пункт құрылысына мониторинг жұмысын жүргізді.

Ауылдықтардың ұзақ жылдан бері көтеріп келе жатқан өзекті деген мәселесі. Жаңа үлгідегі замануаи нысан іске қосылғанда өз жұмысын қарқынды істейтін болады. Сонымен қатар халық игілігі үшін салынып жатқан фельдшерлік-акушерлік пункт нысанының сапалы аяқталуы үшін ауыл әкімі мен мердігер мекеме бірлесе жұмыс жасау қажеттігі айтылып, кемшіліктер бойынша бір қатар сын ескртпелер айтылды. Құрылысқа жауапты мердігер компания өкілдеріне құрылысты аяқтап, құрылыс жұмыстарын сапалы уакытында аяқтау керектігі ескертілді