Жыл сайын 19 қаңтарда православтық христиандар «Крещение Господня» мерекесін атап өтеді. Бұл күні дәстүр бойынша діни іс-шаралар, оның ішінде құдайға құлшылық ету, өзенге бару, суға жаппай шомылу немесе су құю рәсімдері өтеді.
Жетісу облысы төтенше жағдайлар департаментінің 70 астам құтқарушылар мен қызметкерлер суға түсу кезінде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін болады. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында басқа да мүдделі мемлекеттік органдарды жұмылдырып облыс әкімінің орынбасарымен жұмыс жоспары бекітілді.
Орталық қызметкерлерінің суға шомылу орындарында кезекшілік кестесі жасақталды.
Облыс аумағындағы «Крещение» рәсімі кезінде суға түсу орындары:
- Талдықорған қаласы: Қаратал өзені, «Қызыл тас» саяжайы (темір көпір);
- Текелі қаласы: Шажа өзені, «Шапағат» орталығының жанында;
- Алакөл ауданы: Үшарал қаласы , Жамбыл көшесі 110;
- Сарқан ауданы: Сарқан қаласы, Сарқан өзені Тайманова көшесі, «ГЭС» маңында;
- Ескелді ауданы: Қарабұлақ ауылы, Оразбекова №3 көшесі, Свято-Абалацкий шіркеуіндегі арнайы бассейн;
- Панфилов ауданы: Жаркент қаласы, Ш.Уәлиханов көшесі, 109 үй, Пророк Илии шіркеуіндегі арнайы бассейн;
- Кербұлақ ауданы: Шұбар ауылы, Кескентерек өзені;
- Кербұлақ ауданы: Қоғалы ауылы, «Заболотный» шаруа қожалығы аумағындағы өзен.
Сондай-ақ 19 қаңтарда аймақтағы барлық орыс-православ шіркеулерінде мерекелік литургия өтеді.