«AMANAT» партиясы Ескелді аудандық филиалының
төрағасы Серік Мирас Серікұлы «Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Ескелді ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бөлімінің қызметкерлерін мүшелікке қабылдап, жаңа үлгідегі партия билетін тапсырды.
✏️Партия билеті пластикалық карточка тәрізді. Бет жағында билет нөмірі, аты-жөні және партияға кірген мерзімі көрсетілген. Сырт жағында партия билетінің құпия саны мен республика бойынша тегін хабарласуға болатын орталықтың телефон нөмірі жазылған.
🔎Сондай-ақ, партияның Жетісу облысы бойынша мүшелеріне «Олимп» клиникалық-диагностикалық зертханаларынаң диагностикадан өту үшін 15 % жеңілдік қарастырылған.