Қор филиалы І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің студенттерімен кездесті

Қор филиалы І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің студенттерімен кездесті

Кездесу барысында білімгерлерге МӘМС жүйесінің негізгі принциптері, жүйедегі құқықтары мен міндеттері жайлы ақпарат берілді.

Сонымен қатар, университетті бітіргеннен кейін сақтандыру мәртебесін жоғалтпау жолдары түсіндіріліп, жүйеде «сақтандырылған» болып қалу үшін не істеу керектігі талқыланды.

МӘМС Заңына сәйкес, жоғары оқу орындарының студенттері жеңілдік санатына кіреді. Бұл санаттағы азаматтар үшін жарнаны мемлекет төлейді.

Осы мәртебенің арқасында студенттер медициналық көмектің кең спектріне қол жеткізе алады:

            •          бейінді мамандардың консультациялары;

            •          лабораториялық және диагностикалық зерттеулер, соның ішінде МРТ, КТ сияқты күрделі диагностикалық әдістер;

            •          созылмалы және жедел ауруларды емдеу;

            •          операциялық ем, жарақаттардан кейін оңалту және қалпына келтіру қызметтері.

Кездесу барысында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, денсаулықтарын қорғау мен сақтандыру жүйесінің тиімділігін тереңірек түсінді.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры»

КЕАҚ Жетісу облысы бойынша филиалы