Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауының төртінші бағытында — Инфрақұрылымға қатысты өзекті мәселелерді шешу қажет деді. Сондай-ақ, мемлекет басшысының жолдауы еліміздің келешек дамуы мен ертеңгі күнгі бет бұрысты айқындап берді. Бұл барлық бағыттардың дамуы мен ел тағдыры үшін маңызды.
Барлық азаматтар үшін лайықты өмір сүру деңгейін қамтамасыз ету мемлекет үшін басымдық екенін атап өтті. Өсіп келе жатқан әлеуметтік шиеленіс жағдайында азаматтарды толғандыратын мәселелерге назар аударып, білім беру мен денсаулық сақтауға қолжетімділікті жақсартуға, халықтың ең осал топтарын, соның ішінде зейнеткерлерді, көп балалы отбасыларды және мүгедектерді қолдауға бағытталған бірқатар бастамаларды ұсынды. Әлеуметтік қызметтердің сапасына және олардың қолжетімділігіне баса назар аудару азаматтардың мемлекеттік институттарға дегенсенімін арттыруға бағытталған.
Жасыл технологиялардыәзірлеуге және енгізуге, сондай-ақ тұрақты инфрақұрылымға инвестиция салуғашақырды. Қоршаған ортаны қорғау Қазақстанның Даму стратегиясының маңыздыбөлігіне айналды, бұл биліктің ел ресурстарына жауапкершілікпен қарау қажеттілігі мен климаттың өзгеруіне қарсы күш-жігерді күшейту, бұл тек экологиялық емес, әлеуметтік-экономикалық міндет екенін атап өтті.
Бұл Жолдау жарқын болашаққа үміт пен Қазақстанның дұрыс бағытта келе жатқанына сенімділік береді.
Қанат Тусупов