Жетісу облысында цифрландыру жөніндегі «Digital Jetisu Forum» алғашқы форумына ІТ саласының 300-ге жуық маманы қатысты

Бүгін Жетісу облысында алғаш рет облыстық цифрлық технологиялар басқармасы мен «Jetisu Digital» IT-хабының ұйымдастыруымен цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлері күніне орай «Digital Jetisu Forum» цифрландыру форумы өтті. Форум саладағы инженерлердің, IT-сарапшылардың, әзірлеушілердің, сала көшбасшыларының басын қосты. Бұл шара аймақтағы цифрлық саланы дамытудың негізгі тақырыптарын талқылауға арналған жаңа алаңға айналды. Атап өтсек, облыста көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің 96%–ы автоматтандырылған, облыстың елді мекендерінің 95,2%-ында интернет жеткізілген, бұл ретте облыс орталығы-Талдықорған қаласында 5G желісі үшін 13 базалық станция орнатылған, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Өңір басшысының атынан облыс әкімінің орынбасары Диас Есдәулетов кездесуге қатысушыларды құттықтап, тілегін тілдірді:

— Бүгінгі іс-шара заманауи шешімдерді енгізуді жеделдетуге және өңірде ыңғайлы әрі тиімді цифрлық инфрақұрылымды құруға көмектесетін әдістерді талқылау, цифрлық технологиялар саласындағы мамандар мен сарапшылардың күш-жігерін біріктіру мақсатында ұйымдастырылып отыр. Цифрлық трансформация дәуірінде мемлекеттік құрылымдардың алдында қызмет көрсетудің жеделдігін арттыру ғана емес, сонымен қатар азаматтармен өзара іс-қимылдың әр кезеңінде ашықтық пен есептілік қағидаттарын енгізу міндеті тұр. Жалпы алғанда, Жетісуда көрсетілетін 289 мемлекеттік қызмет пен қосалқы қызметтердің 277-сі немесе 96% автоматтандырылды. Қызмет іске қосылған сәттен бастап 1 370 өтінім келіп түсті, — деді Д.Есдәулетов.

Сонымен қатар өңірде салаларды цифрландыру бойынша бірқатар жобалар табысты жұмыс істеп жатқаны да айтылды. Атап айтқанда, «Кілем жабыны» жобасы аясында полиция департаментінің жедел басқару орталығына 15 мыңнан астам бейнебақылау камерасы қосылған, сондай-ақ жол қауіпсіздігін күшейту үшін жол ережелерін бұзушыларды анықтауға және көлік легін өлшеуге мүмкіндік беретін 216 камера орнатылған.

Денсаулық сақтау саласын цифрландыру мақсатында өңірдің 16 медициналық мекемесінде рентген сәулелерін жоғары дәлдікпен талдауға мүмкіндік беретін PACS-жүйесі енгізілді, бұл дәрігерлерге ерте кезеңдерде диагноз қоюға көмектеседі, әсіресе онкологиялық ауруларды ерте анықтауда  маңызы зор. Жүйе жұмыс істегеннен бері 615 мыңнан астам зерттеу жүргізілген.

Өңірдің білім беру саласын цифрландыру жұмыстары аясында Жетісу облысындағы 337 мектеп түгел интернетке қосылған. Оның ішінде осы жылы шалғайдағы 53 мектеп «Starlink» спутниктік жүйесі арқылы қосылды. Сондай-ақ, 69 мектепте сабаққа қатысуын бақылайтын, тамақтануын есепке алуатын, кітапханаларға кіруіне мүмкіндік беретін «Оқушының бірыңғай карточкасы» жүйесі енгізілді.

Жоғары білікті ІТ-мамандарды даярлау мәселесі де шешілуде. Атап айтқанда, Талдықорғанда «Samsung Innovation Campus» бағдарламалау мектебі ашылды және «IT Hub Jetisu Digital» базасында курстар өткізілуде, онда мыңнан астам адам оқудан өтті.

Осы күні форум аясында «Әлеуметтік әмиян — мемлекеттік қолдау шараларын цифрландыру» тақырыбында пленарлық сессия өтті.

Спикерлердің бірі облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ермек Мизамбаев «Әлеуметтік әмиян» пилоттық жобасының мәніне егжей-тегжейлі тоқтала келе, жоба халықтың әлеуметтік осал топтарының қаржылық құралдарға қолжетімділігін қамтамасыз ету, әлеуметтік көмекті есептеу рәсімін жеңілдету, әлеуметтік қолдау құралдарын жетілдіру, сондай-ақ бюджет қаражатының шығыстарын оңтайландыру үшін құрылғанын айтты.

Сол сияқты облыстық білім басқармасының басшысы Марат Сүлейменов, облыстық цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Айдына Темірбаев та сөз алып, цифрландыру бағытындағы жұмыстарға тоқталды.

Форум негізгі тақырыбынан бөлек жасанды интеллект, деректерді талдау, киберқауіпсіздік, әлеуметтік қызметтерді цифрландыру, сондай-ақ көлік және қауіпсіздік сияқты маңызды бағыттарды да қамтыды.

Сонымен, Google Developer сарапшысы Энес Тұран, MSP Global техникалық директоры Руслан Жансеңгіров IT-индустриядағы жаһандық трендтер мен өзгерістер, бизнес-процестердің тиімділігін жақсартудағы жасанды интеллектінің рөлі, киберқауіпсіздік саласындағы соңғы шешімдер мен технологиялар жайлы баяндады. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттыру, азаматтарды цифрлық қолдау мәселелері талқыланды. Сонымен қатар қоғамдық қауіпсіздікті арттыруға және қалалық қызметтерді қолдауға бағытталған «Қауіпсіз қала» жүйесі таныстырылды.

Жиында пікірталас алаңдарымен қатар IT-компаниялардың, цифрландыру жөніндегі сарапшылардың цифрлық жобаларын ұсынатын «Jetisu IT Expo» көрмесі ұйымдастырылды. Оған телекоммуникация, деректерді талдау, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, геокарталарды әзірлеу және т.б. салаларда жұмыс істейтін еліміздің әртүрлі қалалары мен аймақтарынан келген 12 отандық компания қатысты.

Мәселен, Шығыс Қазақстан облысынан келген «Rating» ЖШС компаниясының менеджер-талдаушысы Анастасия Хохлова қыркүйек айынан бері компания Жетісу облысының цифрлық технологиялар басқармасымен бірлесіп түрлі бағыттар бойынша ауқымды талдамалық деректер базасының ахуалдық орталығын құру жұмыстарын атқарып жатқанын айтты.

— Мысалы, аймақтың ерекше қажеттіліктері бар тұрғындары туралы ақпараттар кейсі жасалды. Ахуалдық орталықтың дерекқорында олардың саны қанша, олардың қаншасы мемлекеттік әлеуметтік көмекпен қамтылғаны, қаншасы қамтылмағаны және т.б. анық көрсетілген. Барлығы 12 кейс, соның ішінде «Жол апаттарын талдау», «Мектептердің толымдылығы», «Демография», «Еңбек нарығындағы жағдай» және басқалары әзірленді. Жыл соңына дейін кейстер саны 58-ге жетеді. Мұның бәрі аймақтың дамуы туралы барлық ақпаратты бір жерге жинақтауға, оны талдауға және жағдайды жақсарту шараларын қабылдауға мүмкіндік береді, — деп атап өтті А.Хохлова.

Ал Талдықорған қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің  оқушылары көрмеде өздерінің марста жүретін роботын ұсынды, олар 9-сыныптан бастап осы жобамен жұмыс істеп, Астана мен Алматыда робототехника халықаралық көрмелерінде көзге түскен.

— Біз барлық бөлшектерді 3D-принтерде басып шығардық. Бағдарлама «Python» бағдарламалау тілінде жазылған. Біздің мартста жүретін роботымыз Ай мен Марстағы үңгірлерді зерттеуге арналған. Бұл жобада сыныптасым Едіге Болатбекұлы екеуіміз бірге жұмыс істедік, — дейді Талдықорған қаласындағы НЗМ 12 сынып оқушысы Қасым Әли.

Осы күні форум аясында цифрландыру саласындағы жетістіктері үшін өңірдің ІТ-мамандары марапатталды.

«Цифрлық технологияларды ілгерілетуші» номинациясы бойынша «Future-IT» роботехника мектебінің негізін қалаушы директоры Дамир Нұркежанов жеңімпаз атанды, «Жылдың цифрлық жеткізушісі» номинациясында Қаратал орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі Кирилл Михов, ал «Стартап-мәдениеттің үздік тәлімгері» номинациясы бойынша Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің бизнес – стаптабы жобаларының жетекшісі Әсел Құлынтаева жеңімпаз атанды. Сондай-ақ, «Jetisu Digital» IT-хабының және «Astana Hub» IT-стартабы халықаралық технопаркінің ұжымы және басқалардың ұжымдары атап өтілді. Оларға облыс әкімінің алғыс хаттары, арнайы мүсіншелер мен ақшалай сертификаттар берілді.

— Бүгінде цифрландыру біздің өміріміздің барлық саласына тән әрі жетісулықтар үшін қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыруда маңызды рөл атқарады. Біздің мақсатымыз – өңірдің әрбір тұрғыны білім беруде, денсаулық сақтауда, қалалық шаруашылықты басқаруда немесе мемлекеттік қызметтерді алуда заманауи технологияларды толық пайдалана алатындай ету. «Digital Jetisu Forum»-да ұсынылған жобалар цифрландырудағы жетістіктердің бір бөлігі ғана. Біз жаңа жобаларды әзірлеп, енгізуді жалғастырамыз, өйткені біздің басты міндетіміз – Жетісуды цифрлық технологиялар әркімнің игілігі үшін жұмыс істейтін өңірге айналдыру. Сондай — ақ, біз өңірдің талантты азаматтары өз әлеуетін ашып, өз жобаларын іске асыра алатын цифрлық ортаны қалыптастыруға тырысамыз, — деп атап өтті форумды қорытындылап, журналистерге берген сұхбатында Айдын Темірбаев.

Форум соңында «Jetisu Idea Battle» идеялар байқауының қорытындысы шығарылып, оның аясында өңірдің дәстүрлі үздік стартаперлері өз жобаларын дамытуға берілетін ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі

Фотограф: Жұмабай Мұсабеков