🖇️Жобаның мақсаты – халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру, қарызсыз қоғамды қалыптастыру.
🔷Жоба оқытулары жеке қаржыны басқаруды, отбасылық бюджетті қалыптастыру, жоспарлауды, қажетсіз саудадан бас тартуды және кәсіп бастауды ұйымдастыруды үйретеді.
🔶Мәселен, Панфилов ауданы, Лесновка ауылында «Қарызсыз қоғам» жобасының бес күндік оқуы өтуде.
✅Оқу сарапшысы Айгүл Бералиеваның айтуынша, Панфилов ауданында жоба басталғаннан бері 1700 жуық тұрғын оқудан өткен.
💬«Осындай пайдалы оқудың ауыл тұрғындарына ұйымдастырылғаны өте дұрыс деп есептеймін. Тұрғындарға осы уақыт аралығында ақшаны басқаруды, үнемдеуді және ақшаға жауапты болуды. қарыздар мен алаяқтықтан аулақ болуға үйреттік. Бұл білім тұрғындарға аса пайдалы және қаржылық тұрғыда тұрақты қоғам құруға көмектеседі» — дейді сарапшы Айгүл Бералиева.
🔷Сонымен қатар, аталмыш оқу Талдықорған қаласы және Алакөл, Ескелді, Кербұлақ аудандарында өтуде.
🔶Белгілі болғандай, «Қарызсыз қоғам» жобасына қатысушылардың 78% — әйелдер, 81% яғни, 54,4 мың адам — ауыл тұрғындары. Оның ішінде 72,8% — несиелері бар және оларды өтеуде қиындыққа тап болған жандар.
✅Халықтың сауатты болуы өз кезегінде аляқтық әрекеттердің де азаюына оң әсер етеді. Сондықтан қарызсыз қоғам құрудың алғышарты қаржылық тұрғыда сауатты болуға баулыйды.