⚡️МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА – ТЕҢ МҮМКІНДІК

📌Мүгедектігі бар адамдар үшін кедергісіз орта құру шеңберінде облыста әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы нысандарын бейімдеу және олардың қолжетімділігіне мониторинг жүргізу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Аталған іс-шаралар инклюзивті орта құруға, тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге, сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар азаматтарды елдің әлеуметтік, мәдени, экономикалық, білім беру және саяси өміріне ықпалдастыруға бағытталған.

✔️Мүгедектігі бар адамдар үшін нысандарды бейімдеудің негізгі аспектілерінің бірі әлеуметтік маңызы бар ұйымдарды арнайы электр көтергіштермен, пандустармен, тактильді ақпарат және телекоммуникация құралдарымен жарақтандыру болып табылады.

♻️Осы орайда, Аманаттықтар және Жетісу облысының құрамындағы мониторингтік топпен бірлесіп мүгедектігі бар адамдарға арналған жабдықтардың болуы мен жарамдылығы тұрғысынан Ескелді ауданның әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің мониторингі бойынша жұмыс жүргізді.

✅Мониторинг барысында мүмкіндігі шектеулі адамдардың қауірсіздігіне қойылатын барлық талаптар толық көлемде орындалғаны және бір қатар сын-ескертпелер берілді.

🔹Жалпы, Жетісу облысы бойынша мүгедектігі бар адамдардың инфрақұрылымдарға қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін 5 жылға 1119 нысанға бейімделу жұмыстары жүргізіледі деп жоспарланған.

🔹2021-2023 жылдары аралығында әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында барлығы 460 нысан бейімделді. 2024 жылға 168 нысанға 591,8 млн. теңгеге қаражат бөлініп, бейімдеу жоспарланған.
Бүгінгі күнге аудан, қалаларда 168 нысанның ішінде, 72 нысанда бейімделу жұмыстары аяқталды.