ҚОЛДАУ БАРДА НӘТИЖЕ БОЛАДЫ

ЕСКЕЛДІ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ РАҚЫМБЕКОВ РАУАН ТҰРДАНҒАЗЫҰЛЫНЫҢ АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫМЕН ӨТКІЗЕТІН КЕЗДЕСУЛЕРІНДЕГІ ЕСЕПТІ БАЯНДАМАСЫНЫҢ ТЕЗИСТЕРІ
Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 5 ақпандағы №190 «Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес атқарылған жұмыстарды қорытындылап, алда тұрған міндеттерді айқындаймыз.
2018 жылы атқарылған жұмыстар туралы, 2019 жылы 15-23 қаңтарда тұрғындармен 34 есептік кездесу өткізілген, оның ішінде аудан әкімінің – 12 және ауылдық округтер әкімдерінің 33 кездесуі өткізілді.
Есеп беру кездесулерінде 36 ұсыныс пен ескертулер енгізілді (2018 жылы – 34), оның ішінде ауыз су мәселесі бойынша – 6, жолдарды жөндеу және салу бойынша – 2, білім беру, денсаулық сақтау және мәдениет нысандарын жөндеу және салу бойынша – 10, абаттандыру, басқа мәселелер бойынша – 18.
Аудан әкімінің есеп беру кездесуінде тұрғындармен айтылған ұсыныстарды жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспарында 36 сұрақ енгізілді.
Аудан әкімінің және ауылдық округ әкімдерінің халықпен есеп беру кездесулерінде айтылған ұсыныстар мен ескертулерді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы ақпарат тоқсан сайын аудандық газетте және аудан әкімінің ресми сайтында жарияланды.
2019 жылы аудандық жергілікті атқарушы органдардың жұмысы Елбасымыз белгілеп берген «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына арналған Жолдауын іске асыру бойынша жүргізілді.
2019 жылдың қорытындысы бойынша салық түсімдері – 1 млрд. 803 млн. 694 мың теңге болып, жоспар 106,8%-ға орындалды. Оның ішінде: жергілікті бюджет – 1 млрд. 217 млн. 829 мың теңге(108,2%), республикалық бюджет – 522 млн. 794 мың (105,1%) теңгені құрады.
2019 жылдың 12 айында бюджет шығындары 10 млрд. 784 млн. 976 мың теңгені құрап, бюджет 99,8%-ға орындалды (12 айдың болжамы – 10 млрд. 803 млн. 141 мың теңге).
2019 жылдың қаңтар-қараша айларында ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі – 32 млрд. 224 млн. теңгені құрап, нақты көлем көрсеткіші –103,2 %-да болды. Оның ішінде мал шаруашылығында – 12 млрд. 890,0 млн. теңге өсімдік шаруашылығында – 19 млрд. 334 млн. теңге өнім алынды.
Ауылшаруашылық дақылдарының есебі бойынша барлық себілген жер көлемі – 50 255 га, оның ішінде масақты дәнді дақылдар 27 363 га, майлы дақылдар 12540 га, қант қызылшасы 2900 га, картоп 2315 га, көкөніс 1014 га, бақша 65,3 га-ға себілді.
Ағымдағы жылы масақты дәнді дақылдарды жинау жұмыстары бойынша 26,6 мың гектар (100%) алаңда 67,1 мың тонна өнім орылып, орташа гектар өнімділігі 25,2 центнерді құрады.
Халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін 48 мың тонна картоп (100%), 24,7 мың тонна көкөніс (100%), 2,2 мың тонна бақша дақылдары (100%), 27,2 мың тонна майбұршақ (100%) жиналды.
2019 жылы жоспар бойынша 2200 гектардың орнына 2900 гектарға қант қызылшасын 150 шаруа қожалықтары септі.
Қант қызылшасын жинап-өткізу бойынша шаруашылықтарға барлық мүмкіндіктер жасалынып, бақылауға алынып, 2900 гектардан 128 мың тонна тәтті түбір жиналды. Орташа өнімділік 441 ц/га құрады.
Мемлекет тарапынан қолдау көрсету мақсатында аудан бойынша егін шаруашылығындағы қант қызылшасының тұқымына, зауытқа өткізген өніміне субсидия алуға құжаттар қабылданып, 955,8 млн. теңге көлемінде қаражат берілді.
Мал шаруашылығында барлығы 10858,84 тонна мал және құс еті өндірілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 105,4 %-ға артты, 30446,3 тонна сүт сауылып (108,6 %), әр сиырдан сауылған сүт орташа 2618 литрден айналды, 7 млн. 13,3 мың дана жұмыртқа өндіріліп (100,3%), 302,4 тонна жүн алынды (102,4%).
Аудан бойынша 2019 жылдың 11 айында мал басының барлық түрінен өсім сақталуда: 34 030 бас ірі қара, 143 992 бас қой мен ешкі, 2134 бас шошқа, 12514 бас жылқы, 55 бас түйе және 57474 құс бар.
2019 жылдың 11 айында өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 7 млрд. 366,5 млн. теңгені құрап, 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (2018 жылдың 11 айы – 6 млрд. 73 млн. теңге) 1 млрд. 293 млн. теңгеге артып, нақты көлемінің индексі 100,5%-ды құрады.
Істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 2811 бірлікті құрады. Жұмыспен қамтылғандар саны – 5248 адам немесе жұмыспен қамтылған халықтың 33%. 11 айда шағын және орта бизнес субъектілерінен бюджетке 707,06 млн. теңге түсті.
2019 жылдың қаңтар-қараша айларында негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 10 млрд. 261,1 млн. теңгені құрап, (2018 жылдың 11 айы – 6 млрд. 513 млн. теңге) нақты көлемінің индексі – 150,8%-ды құрады.
Ауданда келесі инвестициялық жобалар іске асырылуда:
1. Шажа өзенінде ГЭС-2 құрылысы «АСПМК-519» ЖШС (құны 9,3 млрд. теңге, қуаты 25,8 МВт, 18 жаңа жұмыс орны). Аяқтау мерзімі 2020 жыл.
2. Асфальтобетон зауытының құрылысы «N-Com Service» ЖШС (құны 200 млн.тг., қуаттылығы 1600 тонна, 17 жаңа жұмыс орны). Аяқтау мерзімі 2020 жыл.
3. 256 басқа арналған сүт-тауар фермасының құрылысы «Сүт Мастер-М» ЖШС (құны 1 млрд. теңге, қуаттылығы жылына 1,8 млн. литр сүт, 28 жаңа жұмыс орны). Аяқтау мерзімі 2020 жыл.
4. Мал бордақылау алаңын салу «Дүйсембинов» шаруа қожалығы (құны 50 млн. теңге). теңге, 5 жаңа жұмыс орны). Бүгінгі күні құрылыс аяқталды.
5. 20 жаңа жұмыс орнын құрумен 100 мың бөдене құс фермасын іске асыру «Сәлем-Құс» ЖШС. Құрылыс аяқталды.
Есепті кезеңдегі орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі – 10 млрд. 441,4 млн. теңге немесе 2,9 есе (2018 ж. 11 айында – 2 млрд. 799,3 млн. теңге). Қолданысқа 6,5 мың шаршы метр тұрғын алаңы берілді.
Инфрақұрылымды дамыту бойынша:
Ағымдағы жылы «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 35 пәтерлі тұрғын үйді күрделі жөндеуден өткізу мақсатында 345,0 млн. теңге қаражат бөлінді. Қазіргі таңда 35 пәтерлі тұрғын үйді жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды.
Нысан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай салтанатты түрде тапсырылды.
Сондай-ақ, осы бағдарлама бойынша Қа-рабұлақ ауылында 583,0 млн.теңгеге 60 пәтерлі жалға берілетін тұрғын үйдің құрылысы аяқталуда.
Бақтыбай ауылындағы (52,2 млн.теңге) және Шымыр ауылындағы (47,7 млн. теңге) жеке тұрғын үй құрылысына 100,0 млн. теңге сомасында инженерлік-коммуникациялық желілердің құрылысы аяқталды.
Ағымдағы жылы сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің құрылысы және қайта жаңғырту бойынша 33 елді мекеннің 32-сі орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген, бұл 96,7% құрайды.
Ағымдағы жылы 2 елді мекенде: Жетісу ауылында 274,0 млн.теңгеге және Қаратал ауылында 196,0 млн. теңгеге сумен жабдықтаудың жаңа жүйелері пайдалануға берілді.
Сонымен қатар, Қоңыр ауылындағы су құбыры желілерін қайта жаңарту жұмыстары 194 млн. теңгеге жүргізілуде. 2020 жылдың тамыз айында қолданысқа беріледі деп жоспарлануда.
Бақтыбай ауылындағы Алматы-Өскемен трассасының бойында 215,0 млн.теңге сомасында абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Жөндеу жұмыстары 2020 жылдың маусым айында аяқталады.
«Өңірлерді дамыту» бағдарламасын орындау мақсатында аудан бойынша 8 ауылдық округіне 37,7 млн. теңге бөлініп, 9 жоба іске асырылды.
Жергілікті маңызы бар жолдар бойынша Қарабұлақ ауылындағы Гоголь-Ескелді би көшелеріне 145,0 млн. теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Ауданның елді мекендеріндегі 24 көшеге 212,0 млн. теңгеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.
«АУЫЛ – ЕЛ БЕСІГІ» жобасы аясында ауданда 1 млрд. 903 млн. теңгеге әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдарды жөндеу және салу бойынша 9 жоба іске асырылуда:
1) Қарабұлақ ауылындағы орталық саябаққа ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді (Жөндеу жұмыстары 25,9 млн. теңгені құрайды).
2) Қарабұлақ ауылындағы Мелькомбинат ауылына спорт алаңы салынды (Жалпы құны 35,5 млн.теңге).
3) Қарабұлақ ауылындағы 9 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді (188,0 млн. теңге).
4) Қарабұлақ ауылындағы Мелькомбинат негізгі орта мектебінің шағын орталығына күрделі жөндеу жұмыстары аяқталуда (184,0 млн. теңге).
5) Қарабұлақ ауылындағы жылу желілерінің құрылыс жұмыстарына – 560,0 млн. теңге бөлінген (Жалпы сметалық құны 715,0 млн. теңгені құрайды). Нысан келісімшарт бойынша 2020 жылдың тамыз айында қолданысқа беріледі деп жоспарлануда.
6) Қарабұлақ ауылындағы орталық аудандық аурухана стационарын күрделі жөндеу жұмыстарына 300 млн. теңге бөлінді. Жалпы сметалық құны – 984,5 млн. теңге. Жөндеу жұмыстары 2020 жылдың ақпан айында аяқталады.
7) Қарабұлақ ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешенін құрылыс жұмыстарына 610 млн. теңге бөлінді. Жалпы сметалық құны – 1 млрд. 91 млн. теңге. Құрылыс жұмыстарының аяқталу мерзімі – 2020 жылдың қараша айы.
Әлеуметтік сала
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының аясында 2019 жылы ауданда 1378 жаңа жұмыс орны ашылды.
2019 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында жалпы сомасы 877 млн. 466 мың теңгеге 1391 отбасына атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды.
«Нәтижелі жұмыспен қамтуды дамыту» бағдарламасы шеңберінде барлық үш бағыт бойынша жоспарлы көрсеткіштер орындалды.
2019 жылы қысқа мерзімді курстарға 442 адам 2 колледжге және 4 оқу орталықтарына 19 мамандықтар мен кәсіптер бойынша дайындық курстарына жіберілді. Бүгінгі күні 432 адам оқуларын бітіріп, оның ішінде 376 адам тұрақты жұмысқа орналасты.
Әлеуметтік жұмыс орнына 50 адам, жастар тәжірибесіне 59 және қоғамдық жұмыс орындарына 270 адам жіберілді.
Білім саласы
Ауданымызда күндізгі жалпы білім беретін 30 мектеп жұмыс істейді. Оның 19-ы орта, 6-ы негізгі, 5-і бастауыш. Мектепке дейінгі мекемелер бойынша 12 балабақша (оның ішінде: 9 мемлекеттік және 3 жекеменшік) және 20 мектепке дейінгі шағын орталық бар.
Қазіргі таңда Абай ауылында 180 орындық шағын орталығы бар мектеп салынуда. Жобаның жалпы құны 1 млрд. 155 млн.теңгені құрайды.
Алдабергенов ауылындағы Байысов орта мектебіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жұмыстар жылдың аяғына дейін толықтай аяқталды. Жобаның жалпы құны 611,8 млн.теңгені құрайды.
Қаратал ауылындағы Қаратал орта мектебінің және Байысов ауылындағы Рүстембеков атындағы орта мектебінің күрделі жөндеу жұмыстарына 18,0 млн.теңгеге жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, сараптамадан шығуда.
Денсаулық сақтау саласы бойынша бүгінгі күні ауданда жалпы 30 медициналық мекемелер жұмыс жасайды. Оның ішінде: 1 аудандық орталық аурухана, 11 ауылдық дәрігерлік амбулатория, 4 фельдшерлік амбулаториялық пункттері және 14 медициналық пункттері халыққа қызмет көрсетеді.
Аудандық аурухананың материалдық-техникалық базасын нығайтуға жергілікті бюджеттен 198,7 млн. теңге бөлінді. Цифрландыру бойынша 100% аудандық және ауылдық ауруханалар, интернет жүйесіне қосылған, компьютерлермен қамтамасыз етілу 100%-ды құрайды. «Ескелді аудандық орталық ауруханасында» 2008 жылдан «Жетісу» бағдарламасы енгізіліп, барлық құжаттарды жүргізу электрондық түрде іске асырылады. «Жетісу» медициналық ақпараттық жүйесі аудандық деңгейде барлық медициналық ұйымдарында енгізілді.
Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2019 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында бруцеллезбен ауырғандар – 10 (2018 ж. қаңтар-желтоқсан айларында бруцеллез – 15), яғни 5 жағдайға төмендеді.
2019 жылдың 24 тамызынан бастап «Ескелді аудандық орталық ауруханасы» стационарына күрделі жөндеу жұмыстары басталып, 2020 жылдың тамыз айында аяқталады деп жоспарлануда.
Ішкі істер органдарында тұрғындар қауіпсіздігін сақтау бойынша 2019 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында аудандық ішкі істер бөліміне 509 қылмыс тіркелген. Өткен жылмен салыстырғанда 2%-ға азайып отыр (2018 ж. қаңтар-желтоқсан айларында тіркелген қылмыс – 519 ).
Ескелді ауданының мемлекеттік органдары бойынша тәртіптік және сыбайлас жемқорлыққа қатысты заң бұзушылықтарға қарсы келесі іс-шаралар жасалынды:
Мемлекеттік органдардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары бойынша бірыңғай тәртіптік комиссия жұмыс жасайды;
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында әрбір мемлекеттік органда жеке және заңды тұлғалардың шағымдары мен ұсыныстарын қабылдаудың жәшіктері орнатылып, осы тақырыптағы мәселелер аудандағы өткізілген семинарларда, жиналыстарда және де бұқаралық ақпарат құралдарында айтылды.
Есепті кезеңде аудан әкімдігінің 3 мәжілісі өтіп, 5 мәселе қаралды. 344 әкімдік қаулысы, аудан әкімінің 11 шешімі, 239 өкімі қабылданды. Аудан әкімі 353 азаматты қабылдады. Жеке заңды тұлғалардан 1160 жазбаша өтініш түсті.
2020 жылы шешуді қажет ететін мәселелер бар олар:
1. Қант зауытын іске қосу мәселесін шешу;
2. Ауылдық округ көшелеріне жа-рықтандыру тіректерін, кабельдерді және плафондарды ауыстыруға қаржы қаражатын бөлу;
3. Қарабұлақ ауылындағы тазарту құрылғылары бар кәріз желілерін қайта жаңарту және салуға жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуге қаржы бөлу;
4. Қарабұлақ ауылындағы жұмыс істеп тұрған орталық қазандық аумағында газ отынындағы блоктық-модульдік қазандық салуға қаржы бөлу;
5. Ескелді ауданының елді мекен-дерінде және Қарабұлақ ауылында газ құбыры желілерінің құрылысын жүргізу.