Ауданның спорт саласының ардагері Сарман Рахимшалов Қарабұлақ ауылдық округіндегі №122 учаскесіне барып өз таңдауын жасады.
«Бүгін сайлау учаскесіне келгенімде көп адамдардың келіп дауыс беріп жатқандарын көріп қатты қуандым. Тұрғындар келіп дауыс беруі ол азаматтық борышымыз. Мен бүгін жарқын болашақ үшін дауыс бердім!» деді спорт саласының ардагері Сарман Рахимшалов.