Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңға өзгерістер енгізілді

Жетісу облысында тұтынуышлардың құқықтарын қорғау саласында өтініштер артып келеді. Мәселен, жыл басынан бері Жетісу облысының сауда және тұтынушылар құқықтарын қорғау департаментіне 500 өтініш түсіп, оның 205 өтініші оңды шешіліп, тұтынушыларға жалпы соммасы 11 млннан астам теңге тұтынушыларға кайтарылған.
Тұтынушылар шағымдарының басым бөлігі бөлшек сауда, тұрмыстық қызмет, электронды сауда салалары бойынша түскен. Статистикаға сәйкес, тұтынушылардан электрондық сауда саласына өтініштердің үлкен өсуі байқалады. Өткен жылы электрондық сауда саласындағы өтініштердің саны 63 болса, ал биыл сегіз ай ішінде 78-ге жетті.
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңға өзгерістер енгізілді. Заң жобасына енгізілген негізгі өзгерістер бойынша:
1) тұтынушылардың шағымдарын қараудың көп сатылы алгоритмін жеңілдету;
2) тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі Омбудсмен;
3) тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі базалық қағидаттар;
4) онлайн саудада тұтынушылардың құқықтарын қорғауды күшейту жөніндегі түзетулер енгізілді.