«Тарифті инвестицияға айырбастау» саясаты қалай іске асып жатыр?

«Тарифті инвестицияға айырбастау» саясаты коммуналдық салаға инвестиция тарта отырып, желілер мен қуат көздерінің тозу деңгейін кемінде 15 пайызға азайтуды көздейді. Бағдарлама шеңберінде желілер мен жабдықтардың жоғары тозуына байланысты инженерлік инфрақұрылымды жаңғыртуға бағытталған іс-шаралар жүргізілуде.
Табиғи монополияларды реттеу Комитетінің Жетісу облысы бойынша департаменті басшысының айтуынша, халықтың осал топтарын тарифтерді көтеруден қорғау үшін тұрғын үй көмегінің тетіктері қарастырылғанын атап өтті.
2024 жылдың 1 маусымдағы жағдай бойынша электрмен жабдықтау қызметіне орташа тарифі 1 кВт үшін 31,28 теңгеге жетті. Есепті кезеңде тарифтерді өзгертуге 43 өтінім келіп түсті, оның 13-і әртүрлі себептермен бас тартылды және кемшіліктерді жою үшін қайтарылды. 5 инвестициялық бағдарлама бекітілді. «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасы бойынша 6 өтінім қаралды.