Жетісуда «Учаске» жедел алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр

Жетісу облысында 16 қыркүйек пен 1 қараша аралығында «Учаске» жедел алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр. Ол жедел жағдайды жақсартуға, қоғамдық тәртіпті, жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, заңсыз көші-қон деректерінің жолын кесуге және басқа да заңсыз әрекеттерді анықтауға бағытталған. Учаскелік полиция инспекторлары өздері қызмет көрсететін объектінің криминогендік жағдайын зерделеу үшін аула және пәтерлерді аралайды.
Жедел алдын алу шарасы басталғаннан бері учаскелік инспекторлар 28 мыңға жуық үй жайларды аралап шықты.
Жалпы шара басталғаннан бері 2306 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде ҚР аумағында тіркеусіз тұрғаны үшін 619 адам, отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекетпен 30 азамат, өзге де бұзақылық жасағаны үшін 1353 азамат және мас күйінде қоғамдық орынға шыққаны үшін 116 азамат жауапқа тартылды.