Жолдаудың бағыттары

Мемлекет басшысы Қасым- Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауы нақты тоғыз бағыттан тұрады.

БІРІНШІ. Ақша-несие саясаты мен фискалды саясаттың арасындағы үйлесімсіздікті жою қажет.

ЕКІНШІ. Инвестициялық ахуалды және бизнес жүргізуге қажетті жағдайды жақсарту жолында үздіксіз жұмыс істеу маңызды.

ҮШІНШІ. Еліміздің өнеркәсіп әлеуетін толық пайдалану үшін жан-жақты шаралар қабылдау қажет.

ТӨРТІНШІ. Инфрақұрылымға қатысты өзекті мәселелерді шешу қажет.

БЕСІНШІ. Еліміздің кадрлық әлеуетін біртіндеп арттыру өте маңызды.

АЛТЫНШЫ. Ұлт саулығын нығайту үшін кешенді шараларды қолға алып, халықты әлеуметтік қолдау жүйесін жаңғырту керек.

ЖЕТІНШІ мәселе. Экологиялық ахуалды жақсарту – алдымызда тұрған негізгі міндеттің бірі. Біз қоғамда қоршаған ортаны қорғаудың мән-маңызын кеңінен дәріптеуіміз керек.

СЕГІЗІНШІ. Мемлекеттік басқару ісінің тиімділігін барынша арттыру керек.

ТОҒЫЗЫНШЫ. Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын терең орнықтыру қажет.

Экономика өскен сайын әлеуметтік теңсіздік азайып, орта тап күшейе түсуі керек. Сонда ғана біз еліміздің әлеуетін күшейте аламыз. Ол үшін кез келген істің басты өлшемі тиімділік болуға тиіс. Яғни, әрбір шешім, әрбір жоба ең алдымен елге пайдалы болуы қажет.Жыл сайынғы әр Жолдаудан халық жағымды жаңалықтар мен келелі өзгерістер күтетіні анық .Мемлекет басшысы «Нағыз дамыған ел боламыз десек, саяси реформалармен шектеліп қалмауымыз керек.Осы жұмысты түбегейлі және жан — жақты әлеуметтік реформаға ұштастыру қажет» деді. Қоғамда Заң мен тәртіп идеологиясын терең орнықтыру, әлеуметтік тұрғыдан осал азаматтарға қолдау көрсету сынды халық қалауындағы әр тақырыптарға егжей тегжейлі кеңінен тоқталып өтті.

А.Канатов