Тіркеудің күшін жою туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 113-6 бабының 1 тармағына сәйкес, Қаратал ауылдық округі әкіміне өз кандидатурасын алып тастау туралы жазбаша өтінішін беруіне байланысты Ескелді аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Нусупбекова Аида Ешенкалиқызының Қаратал ауылдық округі әкіміне кандидат ретінде тіркеуінің күші жойылсын.
  2. Осы қаулы Жетісу облысының аумақтық сайлау комиссиясына ұсынылсын.
  3. Осы қаулы Ескелді аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында және аудандық «Жетісу Шұғыласы» газетінде жариялансын.
  4. Осы қаулының орындалуын бақылау Ескелді аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төраға орынбасары Ж. Исабаевқа жүктелсін.

Аудандық аумақтық сайлау
комиссиясының төрағасы Р. Жексенбеков
Аудандық аумақтық сайлау
комиссиясының хатшысы Д. Турдиева