Тұрғындар назарына!

Ескелді аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама бөлімі Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» №246 Заңының 2 бабы 1-2 тармағына сәйкес Алматы облысы бойынша 2020 жылдың I тоқсанына кедейлік шегін 21 505 теңге мөлшерінде құрайтындығын хабарлайды, ол республика бойынша ең төмен күнкөріс деңгейінің 70 пайызы болып табылады. Республика бойынша 2020 жылға бекітілген ең төмен күнкөріс деңгейінің мөлшері 30 721 теңге.