ТӘУЕЛСІЗДІККЕ ТАРТУ

Сырымбет ауылдық округінің Ж.Жақыпбаев атындағы орта мектебінің спорт залында Сырымбет ауылдық округінің жас-тар ісі жөніндегі нұсқаушысы Н. Манарбек пен спорт жөніндегі әдіскер-нұсқаушысы Е. Ораздың ұйымдастыруымен Тәуелсіздік күні мерекесіне орай ауыл жастары мен мектептің 9-10-сынып оқушылары арасында волейбол жарысы өтті.
Жарысқа 3 команда қатысты және ойын ережесіне сай өткізілді. Ойын барысында жүлделі орындарға үміткер командалар анықталып, шара соңында медальдар мен мадақтама қағаздары берілді.
Жарысқа қатысушы 3 команда арасынан «Үздік ойыншы», «Үздік шабуылдаушы» және «Үздік спортшы» номинациялары беріліп, оларға да бағалы сыйлықтар мен алғыс хаттар табыс етілді.
Жарыс өте қызықты және тартымды өтті. Бұл жарыстың өткізілудегі басты мақсаты «Денсаулық – спорт кепілі» демекші, жастарды салауатты өмір салтын қалыптастыру, волейбол спорттық ойынын кеңінен насихаттау, ойынға деген қызығушылықтарын арттыру болып табылады. Сондықтан осындай спорттық ойын түрлерінен түрлі іс-шара жарыстары жиі ұйымдастырылып тұратын болса, еліміздің көк байрағын желбіретер, мақтан тұтар спортшыларымыздың саны әлдеқайда артады деген ойдамыз.
Н. МАНАРБЕК,
Сырымбет ауылдық округінің жастар ісі жөніндегі нұсқаушысы.