«AMANAT» партиясы Ескелді аудандық Сайлауалды бағдарламасының Жол картасында көрсетілген Мәметов атындағы орта мектебінің күрделі жөндеу жұмыстарын қадағалау мақсатында Партиялық бақылау бекеті құрылды. Бақылау бекетінің төрағасы аудандық мәслихат депутаты Мейрбекова Раушан Блісбекқызы. Партиялық бақылау бекетінің ашылуына аудандық партия филиалының төрағасы Серік Мирас Серікұлы, аудандық білім бөлімінің басшысы Бектуров Мұрат Мұхтарұлы, облыстық мәслихат депутаты, аудандық мәслихат депутаттары және партиялық бақылау бекетінің мүшелері құрылыс нысанының жұмыс барысымен танысты.
Нысанның бас мердігері «Фирма Мега-Сервис» ЖШС Жетісу облысы ның өкілі Қожекенов Айдын Ақанұлы құрылыстың іркіліссіз жүріп жатқанын жеткізіп, тамыз айының соңында қолданысқа берілетінін мәлімдеді.