
Заман ағымы бір орында тұрмайды, әрқашан өзгеріп жаңарып отырады. Онымен бірге адамдардың тұрмыс –тіршілігі мен қажеттіліктері де өзгереді. Осы жағдайда білім беру жүйесін жаңа форматта цифрлық технологияларды қолдану жолымен дамыту маңызды.Білім беру ұйымдарын жаппай цифрландырудың маңызы болашақ ұрпақтың кез келген салада ақпараттық сауаттылығын арттырып, шеберліктерін шыңдап, жан-жақты іскерлігін дамытып, бәсекеге қабілетті етіп, білім кеңістігінде өз мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға жағдай жасайды.
Осы тұрғыда көмекке келген ең алғашқы ұлттық,Отанымызға ғана тиесілі, бірегей платформалардың бірі TopIQ.kz платформасы. Менің түсінігімде , TopIQ.kz платформасы білімге деген құлшыныстың, оқушы интеллектісінің дамуының ең биік шыңы деп түсінемін. Бұл жаңа ресурс кешені тақта мен оқулық қана емес , интерактивті бейне материалдар, цифрлық викториналар және тестілер, голограммалар- бұл оқушыға кез келген деңгейдегі тақырыптарды түсініп , білім мен таным көкжиегін кеңейтеді. TopIQ.kz— 1-11 сынып оқушыларына арналған электронды оқулықтар платформасы. Барлық оқулықтар ҚР БжҒМ барлық талаптарына сәйкес келеді. Біріншіден, электронды оқулық өте жеңіл,барлық оқулықтар смартфон немесе планшетке жинақталған. Екіншіден, электронды оқулықтар оқу кеңістігін кеңейтеді. Аудио, бейне материалдар бар.Үшіншіден, электронды оқулықтар,мұғаліммен жеңіл байланыстырады, өзін тексеруге арналған тапсырмаларды орындайды .
TopIQ .kz сандық оқулықтар платформасы бізге көбірек білім алуға , материалды шексіз рет тыңдауға мүмкіндік берді.Оқушының психологиялық тұрғысынан алғанда өзіне деген сенімділігін арттырды.Мұғалім мен оқушы расындағы виртуалды байланыс тиімділігін жоғарылатты.
Цифрлық технология иммигранттары болашақ уақыт туралы айтқанды ұнатады. Бірақ ол болашақ емес.Ол міне, қазірдің өзінде бар!
TopIQ .kz платформасы-біз үшін бірлескен топ жұмысының нәтижесі!
TopIQ .kz платформасы -бәсекелестік білім бәйгесі!
TopIQ .kz платформасымен бірге білімімізді брендке, жарнамалауды трендке айналдырайық!
Кожкенова Жанар Жумабаевна,
Ескелді ауданы Мелькомбинат негізгі орта мектебі
Информатика пәні мұғалімі.