Ішкі сауда обьектілерінде ветеринариялық-санитариялықталаптарды сақтайық

Ауыл шаруашылығының маңызды саласы – мал шаруашылығы. Ата-бабаларымыз бұл кәсіп түріне ерекше мән беріп, жесең – ас, кисең – киім, сатсаң – пұл болатын төрт түлікті ғасырлар бойы тіршілігіне басты таяныш етіп келген.
Қазіргі таңда ауданымызда мал саны жылма-жылға көбею үстінде. Халық жиі тұтынатын жануарлар және жануарлардан алынатын өнімдері (ет және ет өнімдері, сүт және сүт өнімдері,жұмыртқа, балық т.б) дәмді және сапалы әрі қолжетімді болғанын қалайды. «Ет жесең тісіңе, жемесең түсіңе кіреді» деген сөз бүгінгі күнге дәл айтылғандай. Халық жиі тұтынатын жануарлар және жануарлардан алынатын өнімдердің ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздігі дегеніміз — жануарлардың саулығы, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың тағамдық қауіпсіздігі, аумақтың ветеринариялық-санитариялық салауаттылығы, халықты жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау, сондай-ақ мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерінің ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестігі қамтамасыз етілетін мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерінің жай-күйі.
Ауданда ет дайындау, сақтау, сатумен «Қанат», «Витьязь», «Альтаир» және «Айша» дүкендері айналысып отырады. Әр аптаның жексенбі күні «Орталық базарда» ет және ет өнімдері, сүт және сүт өнімдері жұмыртқа, балық т.б. сатылады. Базарда ветеринариялық лабораторияда сатылымға шығатын өнімдерді ветеринариялық-санитариялық зерттеу жүргізіліп отырады.
Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңында осы өнімдердің ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында:
1.Ішкі сауда объектілеріндегі мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау мiндеттi болып табылады.
2.Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілер ішкі сауда объектілеріндегі мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жатады.

  1. Ішкі сауда объектілерін мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау:
    1) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің қоса жiберiлетiн ветеринариялық құжаттарға сәйкестiгiне көз жеткізу;
    2) Жануарларды және жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттарды ветеринариялық талдау жүргізу;
    3) Жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарының сақтауын қадағалау.
    4) Ішкі сауда объектілерінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің ветеринариялық нормативтерге сәйкестiгiн айқындауды ветеринариялық-санитариялық сараптама зертханалары жүзеге асырады.
    5) Жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттарды ветеринариялық-санитариялық сараптамасыз сатуға тыйым салынады.
    Экспорттаушыларды (импорттаушыларды) қоса алғанда, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды, сақтауды және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілері ветеринариялық-санитариялық сараптамадан өткен жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты сақтайды және өткізеді.
    Осы орайда, ветеринариялық- санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне төмендегі талаптар қарастырылған:
    «Ет және ет өнімдерін сатушыларға»
    1.Сатуға жататын жануарлар мен жануарлардан алынатын өнімдер эпизоотиялық жағдайы қолайлы аймақтардан дайындалуы қажет.
    1.1.Кейіннен өткізуге арналған жағдайда, тек есептік нөмірі бар сою алаңы мен сою пункттерінде сойылуы тиіс.
    1.2. Өнім дайындалатын жерде сою алаңы мен сою пункті жоқ болған жағдайда, мал тірідей №1 үлгідегі ветеринариялық анықтамасымен жақын маңайдағы сою объектісіне жеткізіліп, сойылады.
    1.3. Сою кезеңінде, сояр алдында бақылау, сойғаннан кейін қарау процесстерінің барлығында өнім иесі жанында болу қажет.
  2. Мал ұшаларын жақын араға тасымалдау кезінде астына таза мата ( брезент) салынып, беті таза матамен жабылып, басы, ішкі ағзалары бөлек ыдыспен тасымалдануы тиіс. Мал ұшаларын тасымалдау №2 үлгідегі ветеринариялық анықтамамен жүргізіледі.
    2.1.Бақылау нәтижесімен ұшаларға округтің ветеринариялық пункт меңгерушісінің мөрі басылуы тиіс.
    2.2..Сәйкестігі, сатуға жарамдылығы ветеринариялық-санитариялық сараптау жүргізу арқылы анықталады, сараптама қортындысы өнім иесінің қолында болуы керек
    3.Сату орнының тазалығы, шабу құралдарының (балта, шөркелер) ветеринариялық талаптарға сәйкестігі сатушылардың жауапкершіліктеріңізде.
    3.1.1. Ветеринариялық-санитариялық қортындысы жоқ орындарда өңделген өнімдерді (фарш), үй жайында дайындалған (айналдырылған қазы, шұжық) сатуға қатаң тиым салынады.
    3.1.2. Ауыл шаруашылығы жануарларының ұшаларымен бірге мал басы, ішкі ағзалары бірге тасымалдануы тиіс.
    4.Сатушыларда арнайы киімдердің болуы қажет (халат, фартук, жеңсек, қолғап), ал қосалқы жұмысшылар халат киіп тұруы керек.
    5.Өнімді көрсету құралдары (шанышқы, пышақ) болуы да тиіс.
    6.Өнім толық сатылмаған жағдайда жауапты ветеринариялық-санитариялық инспекторға қалған өнімнің мөлшері жөнінде ескертілуі қажет.
    «Сүт және сүт өнімдерін сатушыларға»
  3. Сатылымдағы сүт және сүт өнімдері №2 үлгідегі ветеринариялық анықтамамен және ветеринариялық-санитариялық сараптама актісімен (Акт экспертиза) ветеринариялық зертханада жүргізілгендігі жөніндегі құжаттары болуы тиіс .
    2.Сүт және сүт өнімдерін құйылмалы немесе таразылап өткізу кезінде кесуге және таразылауға арналған арнайы жабдық, сондай-ақ сауда мүкәммалы (төсеніштер, қысқыштар, қалақшалар және т.б.) пайдаланылуы тиіс.
    3.Сүт және сүт өнімдерін өткізуді жүзеге асыратын адамдардың арнайы кімдердің болуы қажет (халат, фартук, жеңсек, қолғап).
    4.Қолданыстағы ыдыстардың, құрал жабдықтардың (қысқыш, пышақ, қалақша, таразы т.б) таза болуын және сатылымдағы ыдыстар жуып-шаю арқылы өңделген түрде болуы шарт.
    5.Сату орнының (сөрелер) үнемі таза ұстап, дезинфекциялануын қамтамасыз ету қажет . Сонымен қатар сатылымдағы өнімдердің жерге жақын жерде орналаспауы және бөгде заттармен сөреде болмауы тиіс.
    «Балық және балық өнімдерін сатушыларға»
    1.Сатылымдағы балықтардың №2 үлгідегі ветеринариялық анықтамамен және жүк құжаты (накладной) талаптарға сай, ветеринариялық-санитариялық сараптама актісі (Акт экспертиза) ветеринариялық зертханада жүргізілгені жөніндегі құжаттары болуы тиіс .
    2.Сату орнын таза ұстаулары керек, үнемі дезинфекцияланып және сөренің астына таза салафан салып, балықтар арнайы ыдыстарда (қорап т.б) жинақталып тұруы керек.
    3.Балықтардың суылтылған (мұздатылған) түрде, олардың жерден биіктігі 40см кем емес сөреде тұруы қажет.
  4. Сатушыларда арнайы кімдердің болуы қажет (халат, фартук, жеңсек, қолғап) .
    5.Жағымсыз иісі бар, желбезектері жұлынған, желбезектері лас шырышпен жабылған, қарны шамадан тыс ісінген, көздері қанталаған, бұзылған балықтар сатылмауы тиіс.
    Жоғарыда көрсетілген ветеринариялық-санитариялық талаптардың орындалуы сатушылардың міндеттері болып табылады.
    Осы орайда баршамыздың негізгі міндетеріміздің бірі адам денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау болып табылады. Ол міндеттер аудандағы жануарлар және олардан алынатын өнімдерді дайындау, сақтау, өткізумен, мал өсірумен айналысатын тұлғаларға тікелей байланысты, демек ветеринариялық-санитариялық талаптарды сақтай отырып, аудан тұрғындарына сапалы өнім ұсынуды қамтамасыз етейік.
    Айтылған мәселелер бойынша туындаған сұрақтарға мына телефондар арқылы ақпарат алуға болады:
    ҚР АШМ ВБжҚК Ескелді аудандық аумақтық инспекциясы:
    8(72836) 3-01-38;
    Жетісу облысының ветеринария басқармасы ММ «Ветеринариялық пункттері бар Ескелді аудандық ветеринариялық станциясы» ШЖҚ : 8(72836) 3-12 -74

М.Танабаева,
ҚР АШМ ВБжҚК
Ескелді аудандық аумақтық инспекциясының бас маманы