«Таза Қазақстан»: «AMANAT» партиясының «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы Ескелді ауданында жалғасын табуда

Елімізде Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 06 маусымнан «Таза Қазақстан» «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы басталды. Ескелді ауданында «Таза Қазақстан» «Таза бейсенбі» желілік кестесі бекітілді. Желілік кестеге сәйкес акция аясында Жетісу облыстық партия филиалының төрағасы Арын Арыстанғали Қадырұлы, аудан әкімі Ахметов Елдос Тұрсынбайұлы, «AMANAT» Ескелді аудандық партия филиалының төрағасы Серік Мирас Серікұлы, аудандық мәслихат хатшысы Сатанов Қанат Нүсіпжанұлы, облыстық және аудандық мәслихат депутаттары, бастауыш партия ұйымының төрағалары, «Жастар Рухы» жастар қанатының белсенділері, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері және партия белсенділері қатысты.
Қарабұлақ ауылындағы өзен бойлары, бұлақтар, су өткізгіш құбырлары, арық желілерінде санитарлық тазалау жұмыстары атқарылды.
Акция аясында 2 бірлік техника (1 КамАЗ, 1 трактор) жұмылдырып, 20 тонна қоқыс шығарылды. «Таза бейсенбі» акциясына 150 адам қатысты.