Мемлекеттік рәміздер күні

Ескелді ауданыңда 4 маусым ҚР Мемлекеттік рәміздер күніне арналған іс-шара өтті. Іс-шараға Ескелді ауданы әкімі Ахметов Елдос Тұрсынбайұлы, «AMANAT» партиясы, аудандық мәслихат төрағасы, аудан әкімінің орынбасары, облыстық, аудандық мәслихат депутаттары, аудандық полиция бөлімінің басшылары және т.б. жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысты. Ескелді ауданы әкімі мемлекеттік қызметкерлерді алғыс хаттармен марапаттады.


Жүздеген адам жиналып, отаншылдықты дәріптеп, рәміздерді насихаттауға үлес қосты. Мемлекеттік ту ұстаған велошабандоздар ауданымыздың басты көшелерімен жүріп өтіп, іс-шара мерекелік концерттік әрі рухани бағдарламаға ұласты. Салтанатты жиында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалып, Мемлекеттік Туы көтерілді.
Ескелді ауданының әкімі ахметов Елдос Тұрсынбайұлы жұртшылықты мерекемен құттықтады. Сонымен бірге ауданымыздың әншілер отаншылдыққа шақыратын әндер шырқады.