Жетісу облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына тексеріс жүргізілуде

Қаржы мониторинг Агенттігінің нұсқаулығына сәйкес, Жетісу облысы экономикалық тергеп-тексеру департаментімен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларға тұрақты түрде талдау жұмыстары жүргізілуде. Ақпаратпен облыстық Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің мамандары бөлісіп, БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап берді.
Спикерлер брифинг барысында өндірушіден бастап тұтынушыға сатылатын, сауда орталықтарының арасындағы тізбек анықталып, олардың өзара есептесу кезінде қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіпті бұзуды болдырмау қатаң бақылауда екенін атап өтті.
«Жосықсыз делдалдарды анықтау бойынша жұмыстың алгоритмі сауда министрлігімен бекітілген. Алгоритмге сәйкес, кірістер Департаменті ЭТТД электронды шот фактураларды жолдайды. Біздің тарапымыздан ҚҚС есебінде тұрған және ӘМАТ саудагері болып табылатын барлық кәсіпорындарға талдау жасалады. Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 204-4 бабына сәйкес сауда үсемесі 15% асқан фактілер анықталған жағдайда құзырлы органға жіберіледі», — деді департамент басшысының екінші орынбасары.
Осылайша сүт өнімдері, 1 сұрыпты жұмыртқа, ұн, тауық еті және көкөніс өнімдеріне 15% үстемені асырған фактілерге тиісті шара қолдану үшін, Жетісу облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқтарын қорғау департаментіне жолданады. Нәтижесінде, 10 делдал әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Департамент өкілдері қандай да бір экономикалық құқық бұзушылықтар анықталған жағдайда онлайн форматта қалай хабарлауға болатынын түсіндірді. Ол үшін қазіргі уақытта арнайы мессенджерлер халыққа онлайн форматта қызмет көрсетеді.
«Қаржы мониторингі агенттігімен бірлесіп AFM Insider телеграм боты іске қосылды. Әлеуметтік тауарлар тізімі бойынша өнім бағасы көтерілген жағдайда кез келген тұлға осы қосымша арқылы өзінің арыз-шағымын білдіре алады, — деп жауап берді Ербол Құрманбаев.