1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесінде облыстық білім басқармасына қарасты мекемелер мен қолөнершілер қауымы «Береке — бірлікте» қайырымдылық акциясын ұйымдастырып, өз қолдарымен жасаған қолөнер бұйымдарын сатылымға шығарды.
Сатылымнан 3 705 000 тг. көлемінде қаражат жиналып, толықтай су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге көмек ретінде жолданды.