Жеңіс мерекесінде тыл еңбеккерлері құрметке бөленді. Адамзат тарихына өшпес қара таңба салған 1941-1945 жылдарғы Екінші дүниежүзілік соғыс зардаптары басылып, Ұлы Жеңістің салтанат құрғанына биыл 79 жыл толды. Ардагерлердің қатары сиреп, жасы ғасырға жуықтады. Осындай ұлы тұлғаларға құрмет көрсету бүгінгі ұрпақтың басты міндеті.

Осы мерекеге орай, «AMANAT» партиясы Ескелді аудандық филиалы тыл ардагерлерін мерекемен құттықтады.
Айта кету керек, жыл сайын «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында тыл еңбеккерлерін ұмытпай айтулы мерекемен құттықтап, көңілдерін аулап, сый-сыяпат жасап тұрады.Ауданымыздың ардагерлері де алғыстарын білдіріп, ақ баталарын беруде.

ерліккетағзым

мәңгіесімізде

жеңісқасиеттіаманат

ешкімұмытылмайды