Ескелді ауданының орталығы Қарабұлақ ауылында 1 Мамыр — Қазақстан Халқының бірлігі күніне арналған мерекелік шара өтті. Аудан әкімі Е.Ахметов аудан тұрғындарын мерекемен құттықтап, бірқатар азаматтарды алғыс хатпен марапаттады. Әртүрлі спорт түрлерінен шағын спорттық жарыстар ұйымдастырылды. Шығармашылық ұжымдардың көрмелері мен қолөнершілердің бұйымдары жинақталған көрмені шараға келген тұрғындар тамашалады. Мерекелік концерттік бағдарламалар көрсетілді.