Жалдамалы қызметкерлер мен жұмыс берушілер МӘМС төлемдері туралы не білу керек?

Жұмыс беруші қызметкерді МӘМС үшін жарналар мен аударымдар туралы хабардар етуі тиіс.   

Қызметкерге төлемнің екі түрі түседі:   

Аударымдар — оларды жұмыс беруші өз қаражаты есебінен төлейді — 2024 жылы оның мөлшері қызметкер жалақысының 3% құрайды. Аударымдардың максималды мөлшері 10 ЕТЖ-дан 3% — дан, яғни 25 500 теңгеден аспауы керек.

Жарналар — оларды жұмыс беруші қызметкердің жалақысынан ұстайды, олар қызметкердің жалақысының 2% құрайды.

Егер қызметкер МӘМС жарналарын мемлекет төлейтін 5 жеңілдік санаттың біріне кірсе, онда жұмыс беруші олар үшін аударымдар мен жарналарды төлемейді. Бұл санаттар:   

  • балалар   
  • зейнетақы жарналарын алушылар   
  • «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлері немесе «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналар   
  • мүгедектер   
  • орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын адамдар   
  • жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға, баланы (балаларды) үш жасқа толғанға дейін оның (олардың) күтіміне байланысты демалыстағы адамдар   

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры»

КЕАҚ Жетісу облысы бойынша филиалы