Тіл – халық қазынасы , ұлттың жаны

Мемлекеттік тіл егемен еліміздің негізгі рәміздерінің бірі.Кез келген өркениетті елдің өзінің рәміздері, шекарасы болатыны секілді мемлекеттік тілі де болады. Демек, мемлекеттік тіл де — мемлекеттігіміздің негізгі атрибуттарының бірі. Біздің Ата Заңымызда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі — қазақ тілі» деп жазылған. Әрбір Қазақстандық Ата заңымыздың талаптарын орындауға тиіс.

 Тіл ұлт пен ұлтты жақындастыратын ең үлкен қатынас құралы. «Ұлттың сақталуына да, жоғауына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тіл» деген Ахмет Байтұрсыновтың қасиетті қағидасына сүйенсек, Ата заң аясында бақ-берекетіміздің сақталып отырғаны тіл саясатын да дұрыс жүргізудің жемісі екені анық. Тіл – халық қазынасы , ұлттың жаны. Тілдің мәселесі – ұлттың мәселесі. Елбасымыз айтқандай,»Қазақстанның болашағы -қазақ тілінде». Ендеше, тілімізді, ұлтымызды отбасымызды қадірлегендей қадірлейік!

Тастанбаев Қалабек Тастанбайұлы,

Ескелді ауданының құрметті азаматы