Өңірде дауыл болу ықтималдығы ескертілді

12-13 наурызда өңірде су тасқыны, жауын-шашын болуы ықтимал. 

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Жетісу облысында 12-13 наурызда дауыл болу ықтималдығы туралы ескерту хабарланды.

Нөсер жауын жауып, ол облыс аумағындағы тау беткейіне жиналған судың ағуына, өзендердің тасуына әкеп соқтыруы мүмкін. 

Су тасқыны жағдайы туралы ақпараттардың жаңартылуын тұрақты қадағалап отырғаныңыз жөн. 

Төтенше жағдай орын алған жағдайда «112» нөміріне қоңырау шалыңыз.

Жетісу облысының ТЖ департаменті.