ШЖҚ «Ескелді аудандық ауруханасы» МКК-да балалармен және олардың заңды өкілдерімен профилактикалық, консультативтік-кеңес жұмыстарын жүргізу мақсатында емханада балаларды дамыту кабинеті және Ресурстық орталық жұмыс істейді. Бұл кабинетте мейірбике маманы келесі әрекеттерді орындайды:
- Сөйлеуді дамыту үшін ойынның, оқудың, қарым-қатынастың маңыздылығын түсіндіре отырып, ана мен олардың отбасына жас балаларды күту және тәрбиелік дағдыларын қалыптастыру бойынша кеңес беру;
- Жүкті немесе бала емізетін ананы дұрыс тамақтану, отбасын жоспарлау, жүктілік және емшек сүтімен қамтамасыз ету туралы ақпараттандыру;
- Баланың заңды өкілдеріне тамақтануды уақтылы енгізу, қосымша тағамдарды қабылдау және оларды іс жүзінде дайындау дағдыларын үйрету. Санитарлық қауіпсіздік нормалары мен энергия қажеттіліктерін есепке алу;
- Ата-аналарға балалар үшін қауіпсіз орта құру, түрлі жарақаттардың, уланулардың және жазатайым оқиғалардың алдын алу шараларын түсіндіру;
5.Баланың психомоторлы және сөйлеу дамуын бақылау және анықталған проблемалар бойынша ата-аналарға кеңес беру.
Балаларды дамыту кабинетінде сабақтар күн сайын, ал Ресурстық орталықта аптасында бір рет өткізіледі.
Барлық аналарды сабаққа шақырамыз.