Қазіргі кезде өрттің қайғылы жағдайларға әкеп соғатынын әрбір азамат білуі керек. Ол үшін өрт болған жағдайларда бірінші кезекте 101 телефоны арқылы өрт сөндіру бөліміне хабарлау керек. Өрттің қай жерде жанып жатқанын, мекен жайын толық хабарлау керек. Осыдан кейін адамдарға құтқару бірінші кезектегі жұмыс және жедел қолдағы бар мүмкіндікпен өртті өшіруге кірісу керек. Мысалы шелекпен су тасу, құм себу тағы басқадай шаралар жасалынады. Егер өрт үй жануарлары қамалған қорада болса, ең алдымен қорадағы малды шығаруға әрекет жасау керек.
Содан кейін өртті сөндіруге кіріскен абзал. Көбінесе азаматтар өрт сөндіру бөліміне кештетіп хабар береді, немесе өрт жайлы хабарлаған кезде мекен жайларын толық айтпай телефон тұтқасын тастай салады. Осының барлығы өрт сөндіру бөлімінің жұмыстары күрделендіре түседі. Егер хабар дер кезінде түспесе өрттің арты үлкен апатқа, адам шығынына да әкеп соғады. Өртті болдырмаудың басты себебі әрбір азаматтың өрт қауіпсіздік ережелерін қатаң есте ұстау болып отыр.
Қ. Әшімов
Ескелді ауданының
ТЖБ аға инженері