Қазақстан Республикасының Сайлау туралы «» Кодексіне сәйкес 1994 жылы 7 наурызда алғаш рет елімізде жергілікті билік органдарында, мәслихат жиналысында депуттаттар сайлауы жүргізілді және бұл күн мәслихат депутаттары құрылған күні деп есептеледі. Мен 8 — ші шақырылым бойынша Ескелді аудандық мәслихат депутатымын. Міне, биылғы жылы Қ. Р. Мәслихаттарының құрылғанына 30 — жыл толып отыр..
Ескелді аудандық мәслихат депутаттары осы мәслихаттардың құрылғанына 30 — жыл толуына байланысты көптеген әртүрлі іс — шараларды облыс, аудан көлемінде өткізіп, белсенділік танытуда.Қазақстан Республикасының Мәслихаттарының құрылғанына 30 жыл толуына орай, 30 игі шара ұйымдастыру бойынша,ауданымыздағы Қарабұлақ ауылындағы орталық мешітте салынып жатқан қатымхананың жылыту жүйесіне (пешіне) ауданымыздың депутаттары өз үлестерін қосып, игі іс атқарды.Қазақстан Республикасының Мәслихаттарының құрылғанына 30 — жыл толуына орай «Өзгеге өмір сыйла» акциясына Ескелді аудандық мәслихатының депутаттары да ат салысып, қаң құю орталығына барып қан тапсырды.
Ағымдағы жылдың 20 ақпан күні, Қазақстан Республикасы Мәслихаттарының құрылғанына 30 жыл толуына орай Жетісу облыстық спартакиада өтті.
Ескелді ауданының мәслихат депутаттары мен мәслихат аппаратының қызметкерлері белсенділік танытып, шағын футболдан екінші жүлделі орынға ие болып, жалпы командалық спорт түрлеріне қатысып, қаржылай сыйлық және алғыс хатпен марапатталды.Сонымен |қатар партиялық жоба бойынша жұмыстар атқарылуда.
«Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында Ескелді ауданының бірнеше нысандарына мониторинг жұмыстары жүргізілді.
Мүмкіндігі шектеулі жандарға кедергісіз орта қалыптасып, кез келген мекемелерге еркін кіріп – шығуына барлық мүмкіндіктер жасалуы тиіс.
Мүгедектердің қозғалысы үшін мекеменің көлік тұрақтары, пандус, бағыттаушы тактильді сары жолақтар, арнайы мекемеде құжат тапсыру бұрышы секілді орындардың бәрінің бекітілген талаптары заңдылыққа сәйкес болуы жайында Ескелді ауданының бірнеше нысандарына мониторинг жұмыстары жүргізілді.«Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында Қарабұлақ ауылындағы балаларға арналған ойын алаңдарының кауіпсіздігін қамтамасыз етілуін бақылау мақсатында мониторинг жүргізілді.
Мұндағы мақсат — спорттық снарядтар мен дене шынықтыру жабдықтарын пайдалану кезінде балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету.Ескелді аудандық мәслихат депутаттары аудан көлемінде өткізіп, атқарып жатқан игі істерге көмегін, ықпалын тигізіп жатыр, әліде алға қойған міндетіміз бен бағдарлама бойынша өз жұмысымызды жүзеге асыруда аянбай еңбек етеміз
У Тортаева,
Ескелді аудандық
мәслихат депутаты