ҚОРЫТЫНДЫ ЕСЕП ТЫҢДАЛДЫ

11 желтоқсан күні аудандық әкімдіктің мәжіліс залында Ескелді ауданына қарасты бөлімдер мен мемлекеттік мекемелердегі шағымдар мен өтініштерді қарау жөнінде, мемлекеттік қызмет көрсету саласының, білім беру мекемелерінің білім сапасы және 2019-2020 жылғы оқу жылының 3 айының қорытындысы бойынша жиын өтті.
Жиналысқа ауылдық округ әкімдері, аудандық бөлім басшылары, бюджеттік мекеме басшылары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Күн тәртібінде бірнеше мәселелер қаралды. Шағымдар мен өтініштерді қарау сапасының 11 айдың қорытындысы бойынша аудан әкімі аппаратының жалпы және қаржы шаруашылық бөлімшесінің басшысы Д.Оразбеков баяндады. Ол бөлімдердегі кейбір заң бұзушылықтарды, түсірілген шағым бойынша жауап қайтаруға белгіленген 30 күн мерзім ішінде кешіктірген бірнеше бөлімді айтып өтті. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша Алдабергенов ауылдық округінің әкімі Ж.Садырбаев пен жер қатынастары бөлімінің бас маманы Қ.Дәуітова баяндама жасады. Аудан әкімі Р.Рақымбеков орын алған кемшіліктерді назарға алып, алдағы уақытта заңсыздықтарды жоюға және болдырмауға тиісті шаралар қолдануды тапсырды.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасының 11 айының қорытын-дысы туралы аудан әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер мо-ниторингі және ақпараттық технологиялар бөлімшесінің басшысы Р.Бекболғанов заң бұзушылықтар төңірегінде мәлімдеме жасады. Аталған мәселе бойынша Алдабергенов атындағы орта мектептің директоры Л.Өсербаева және Титов атындағы орта мектебінің директоры Ә.Қаймулдинов орын алған кемшіліктерді басты назарға алып, жұмыс жасап жатқандарын баяндады. Рауан Тұрданғазыұлы аппарат басшысына және мемлекеттік қызметтер көрсететін бөлім басшыларына электрондық түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің пайызын арттыру жөнінде тиісті шаралар қабылдауды тапсырды.
Аудандық білім бөлімінің басшысы М.Бектұров аудандық білім беру мекемелерінің білім сапасы және 2019-2020 жылғы оқу жылының 3 айының қорытындысын баяндады.
Аудан басшысы аудан әкімінің орынбасары Қ.Әлібаевқа, аудандық білім бөлімі, мектеп директорлары және ауылдық округтің әкімдеріне балалар арасында құқықбұзушылықты азайтуды, білім саласын цифрландыруды, аудан оқушыларының білім сапасын арттыруды және білім мекемелеріндегі қысқы жылыту жұмыстарын бақылауға алуды тапсырды. Сонымен қатар, жағдайы төмен, толық емес отбасындағы оқушылардың жағдайын қатаң бақылауға алып, назарда ұстау керектігін айтты.
Зейнегүл ЖҰМАБЕКОВА.