Құрметті аналар! Нәзік жанды арулар!

Сіздерді көктемнің алғашқы мерекесі 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Жыл сайын көктеммен бірге келетін тамаша күндерді бәріміз күтіп жүреміз.
Адамзат тарихында, қазақ халқының арғы-бергі өмірінде ананың бақытын бәрінен биік қойған. Ақ жаулықты аналарымыз болса, еріне – тірек, ел бірлігіне – тұтқа болған. Көкжиектен тамыр тартқан, тарихи оқиғаларға зер салсақ, біздің қыздарымыз адалдық пен сұлулықтың, батырлық пен ерліктің өшпес өнегесін көрсеткен.

Халқымызда «Ананың ақ сүтін адал емген» деген қанатты сөз бар. Мұның мағынасы өте терең. Мазмұны жан-жақты. Жер бетіндегі тіршілік күннің көзінен нәр алса, адам баласы ананың сүтінен қуат алады.
Туған Отанына, сүйікті еліне адал еңбек ету, жеке тұлғалық қызметімен адамзат өркениетіне үлес қосу, адамгершілік қасиеттерімен құрметке бөлену — әрбір азаматтың арманы. Жақсылықты армандамайтын адам жоқ.
Бірақ, елдік арманға жету үшін көп ақыл, дарын, терең ой керек. Ал мұның бәрі ананың сүтімен келеді. Сондықтан, ананың ақ сүтін ақтау — өзіміз өмір сүріп отырған қоғамның, тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің дамуына үлес қосумен айқындалады.
“Отан отбасынан басталады”, — дейді дана халқымыз. Ал, отбасының ұйытқысы, «Ақ бесіктің иесі, туған жердің киесі» — алтын жүрек аналарымыз біздің халқымыздың ең құнды қазынасы боп саналады.
Қазақ әйелдері қоғамымыздың әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси дамуына араласып, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, кәсіпкерлік пен өндіріс саласында да еңбек етіп келеді.
Ел алдында түрлі саланың қызметкерлері болғанымен, отбасында – аяулы жар, асыл ана, шаңырақтың шаттығы, отбасының ұйытқысы болып отырған баршаңызды шын жүректен құттықтаймын!
Мерекелеріңіз құтты болсын!


Ескелді ауданының әкімі
Е Ахметов,