Алғыс алған арымас!

Алғыс алған арымас,
Қарғыс алған жарымас – деп дана халқымыз бекер айтпаса керек.
Алғыс алудың орны бөлек, қарғыстың жөні бөлек дейміз бе? Қалай өзі? Әр адам өмір бесігінің есігінің ашқан сәттен бастап, алғысқа бөленген. Әрбір тіршілік иесі, тіршіліктің дәмін татқаны үшін алғыс айтуы міндетті. Таңның атысы мен күннің батысын көргеннің өзі жақсылық. Демек жақсылыққа толы өмірдің өзінде пенденің бәрі тәубешіл, рақымшыл болса, нұр үсітіне нұр болар! Бірақ, кей тіршілік иелері бірін түсінсе, енді бірін түсіне бермесі бар. Пендеміз ғой! Тұсауымыз кесілген соң, жығылып-сүрініп бала кезде талай мәрте жерден таяқ жеген едік. Өсе келе оң-солды танып, аяғымызды нық басып, алға қарай жүріп келеміз. Алайда, пенде болған соң, кейде сүрініп кетеміз. Бұл қалай? Кім жауапты? Тұсауы дұрыс кесілмеген қалған, болмаса қоғам мен ортасы әсер етті деп жатамыз. Заман өзгертті, заманына қарай адамы деп тон пішіп те жатады. Бұл дұрыс па? Әлде бұрыс па? Әркімнің өз пікірі, өз ойы өзіне дұрыс. Адамның дұрыс өмір сүруіне тұсау кескеннің не қатысы бар. Болар бала боғынан деп жататын ата-бабаларымыз. Ал қоғам мен ортасы ше? Қоғам деген не? Ол кім, бұл не? Тағы да сұрақ. Барлық адамдар қоғамның мүшелері. Әрине, қоғамның өз ерекшеліктері, қоғам ішіндегі жеке тұлғаларды басқаратын даму заңдылықтары бар.

Дегенмен, «қоғам» ұғымының өзі «қоғам» сөзімен мүлде синоним бола алмай, басқа нәрсені білдіруі мүмкін. Мысалы, ортақ хобби немесе мақсаттар арқылы біріктірілген адамдар тобы да «қоғам» болып табылады. Тіпті әрбір отбасы «қоғам» болып табылады. Мектептегі сынып, балабақшадағы топ та қоғам. Концертке немесе театрландырылған қойылымға залда отырғанда келген көрермен жеке қоғам болып табылады. Және осы «қоғамдар» мысалдарының әрқайсысында олардың өзіндік белгілерінің, ережелерінің, даму заңдылықтарының және әлеуметтік құрылымдарға тән басқа элементтердің болуын байқауға болады.
Қоғам қоғамға қарағанда кеңірек ұғым. Бұл ортақ көзқарастар, мақсаттар, қажеттіліктер, мүдделер немесе басқа нәрсе арқылы біріктірілген адамдар тобы. Қоғам қоғамға айналуы мүмкін. Мұндай метаморфоздың мысалы — тұрғындары әлемнің қалған бөліктерімен қажетсіз байланыс жасамайтын ескі сенушілердің қоныстары. Әрбір адамзат қоғамында адамдар арасындағы ішкі қатынастарды құрудың өзіндік моделі және белгілі бір конвенциялар, заңдар, мәдени құндылықтар бар. Қоғам мүшелері өзінің өмірлік іс-әрекетімен оның негіздерін, дәстүрлерін, әдет-ғұрыптарын құрайды, бұл өз кезегінде қоғамдық қатынастардың үлгісін құруға негіз болады. Адам – қоғамның бөлшегі. Тіпті, “даланың бөрісі” деп, жалғыздықта еркін өмір сүремін дейтін адамдардың өзі саналы түрде бір ортаның мүшесіне айналады. Алдымен, елестетіп көріңіз. Сіздің университетіңізде (сынып, әріптес) тобыңызға бірлесе атқаратын топтық жұмыс ұсынды. Бұл – адамдардың рөлін анықтауға арналған ең маңызды құрал. Өйткені, жауапсыздық, көшбасшыға тән қасиеттердің барлығы осы алаңда байқалады. Сонымен, қоғамда адамдар қандай рөл атқарады? Алғашқы әрі басты рөл – көшбасшы:
Көшбасшы адамдар бірден көзге түседі. Олар пысық, жауапты және жылдам жұмыс істейді. Бірақ, көшбасшының өзі бірнеше түрге жіктеледі. Бірінші, бәрін артынан ілестіріп, жол көрсететін болса, екіншісі өзінің бас пайдасы үшін жұмыс істейді. Көшбасшы қандай болуы тиіс?
Біріншіден, ол барлық топқа ұнауы тиіс. Өйткені, тек пысықтық қана бар, ал адамдармен байланыса білмейтін көшбасшының артынан ерген көш жан-жаққа ыдырап кетеді. Міне, қоғамның ұғымы. Орта ше? Орта әркімге жеке берілген орта. Орта адамды өзгертуі мүмкін! Қате пікір деп айта алмаймын. Бірақ, әркімнің басы бар өз алдына. Адам адам болу үшін біреуге еліктеудің қажеті жоқ. Заманына қарай адамы деп жатады. Заман емес, адам заманға қарай өзгеріс тудырмаса, заман адамды өзгерте қоймас. Заманның өзгеруіне тікелей адам баласының әсері мол. Біреуге я болмаса шетелдік азаматтар мен азаматшаларға еліктеушілікте басым. Бәрін айтта, бірін айт. Жанға батары тек, кейбірінің тәубешіліктерінің болмауы. Баяғы заман демей-ақ қояйын, осыдан бірер жыл бұрын ғаламтор желісінің қарыштамай тұрған шағында, қатты бір қиыншылықтар туды деп айтпас едік. Қазір де қиын емес. Тек, дұрыс қолданбауын да. Әрбір дүниенің өзіне тән қолданушылық ережелері болады. Қазақи тілмен алсақ, әдебі мен мәдениеті. Кейбіріміз асыра сілтеп пайдалансақ, енді біріміз нормасымен қолданамыз. Міне, айналып келгенде осының бәріне алғыс!!!
Алғыс айту күнінің қысқаша тарихы
Қазақстан халқы бұл мейрамды алғаш рет 2016 жылы атап өтті. Алғыс айту күнінің этносаралық өзара іс-қимылдың бірегей институты – Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күнімен сәйкес келуінің астарында терең мән бар. Өткен ғасыр ауыр нәубетпен сыналған ғасыр болды.
Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Кеңес режимі батыс шекарадағы халықтарды «сатқындық жасауы мүмкін» деген жаламен күштеп көшіре бастады. Бұдан бөлек Қиыр Шығыстағы азғантай корей диаспорасын да айдауға салды. Осы кезде қазақ даласына түрлі ұлттарды жаппай күштеп көшіру басталды.
1946 жылы Кеңес одағында жер аударылған халықтардың жалпы саны 2,5 миллионға жеткен. Кейбір деректерде үш миллионға жуықтаған деп көрсетіледі. Ал осының ішінде Қазақстан аумағына жер аударылғандары 1 миллион 200 мың адам екен. Алайда құжаттарға сүйеніп елімізге көшірілген халықтың нақты санын айту өте қиын. Себебі қоныс аударушыларды әр ай сайын қайта тіркеу, оның ішінде жаңадан қосылғандармен араластырып тіркеу, бір отбасын басқа жерге қайта көшіріп жіберу, туыстардың бөлініп кетуі, кейбір отбасының қайта қосылуы секілді жағдайлар өте көп кездесетін еді. Әр жылдары 800 мыңдай неміс, 102 мың поляк, Солтүстік Кавказ халықтарының 550 мың өкілдері, Қиыр Шығыстан 18,5 мың корей отбасы жер аударып, көшіп келуге мәжбүр болған деген деректер бар. Жер аударылғандар қазақ даласында көбіне егін шаруашылығымен, мал өсірумен айналысты. Кейін барлық өнеркәсіп саласына атсалысты. Бұл өз кезегінде Қазақстан экономикасының дамуына мол үлес қосты.
Кейін 1957 жылы күштеп жер аударылған халықтардың өз отандарына қайтуына рұқсат берілді. Соған қарамастан, олардың көбі қазақ жерінде қалып қойды. Кавказ халықтары мен немістерге, түріктерге ғана өз жерлеріне қайтуға мүмкіндік берілмеді. Жер аударылғандар Сталиннің өлімінен кейінгі Хрущевтің «жылымығы» жылдарында жағдай түзеле бастады. Осы кезде күштеп қоныс аударылған халықтардың қазақ жерінде туып-өскен жаңа буыны өсіп, өркендеді, олар әр салада кәсіп етті. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін де Қазақстанды өз отаны санайтын буын ел үшін қызмет етіп жатыр.
Міне, Алғыс айту күнінің тарихы әріде жатыр. Көктемнің алғашқы күнімен қатар келген бұл күннің басты мазмұны қазақ еліне кезіндегі қолғабысы мен қайырымды ісі үшін алғыс айтуды білдіреді. Түрі, діні, тілі, мәдениеті, салт-дәстүрлері басқа этнос өкілдерін бөтенсімей, өгейсітпей көкірегіне басқан қазақтың шексіз мейірімі мен жүрегінің кеңдігін, қазақтың өзі де осындай ұлы нөпірдің арасында жоғалып кетпей сақтап қалған қасиетін де ерекше атап өту керек.
Бүгінде Алматы, Батыс Қазақстан, Жамбыл және Түркістан облыстарында «Қазақ еліне мың алғыс» атты монументтер бой көтерген. Бұл ескерткіштерді еліміздегі түрлі этностық топтар басына күн туған кезде бауырына басқан қазақтың жері мен еліне алғыс ретінде өз бастамаларымен тұрғызған болатын. Сонымен қатар елорда төрінде «Қазақ Елі» монументінің де бой көтеруі қазақ ұлтының айналасына топтасу идеясын күшейте түсті.
Алғыс айту күні әлем елдерінде қалай тойланып жүр?
Алғыс айту күні тек біздің елімізде ғана емес, әлемнің түкпір-түкпірінде де атап өтіліп жүр. Мысалы, АҚШ-қа назар аударсақ, Әлемдік жылнамада 1621 жылы ағылшын колонистерінің бастамасымен күнтізбеге «ризашылық» білдіретін күн енгізіледі. Қаһарлы қыста аштықтан зардап шеккен жұрттың көңіл-күйін көтеру үшін губернатор Уильям Брэдфорд Алғыс айту күнін белгілейді. Айналадағы басқа да көршілер бұл игі дәстүрді жақсы ықыласпен қабылдады. Қараша айының төртінші бейсенбісінде атап өтілетін мереке астық жинау мезгілімен тұспа-тұс келеді. АҚШ-тағы бұл айтулы күні әр шаңырақтың мерекелік дастарханында көкөністер мен күркетауық тұрады. Ұлттық күнтізбеге енген осы мерекенің түпкі идеялық мәні америкалықтардың өз Конституциясына ризашылық білдіруіне негізделген. Осылайша, Алғыс айту күні нағыз ұлттық мереке ретінде 1863 жылы АҚШ-тағы Азамат соғысы кезінде тараптарды бір дастарханға шақырудан басталды. Өзара келіссөзді жандандыруға себепші болды. Ал 1957 жылдан бері Канадада да Алғыс айту күні қазанның екінші дүйсенбісінде аталып келеді. Канадада бұл мерекенің шығу тарихы ауыл шаруашылығы өнімдерін жинаудан бастау алады. Германияда алғыс айту мейрамын «Erntedankfest» деп атайды, ол қазан айының алғашқы жексенбісінде егін алқабында тойланады. Келесі жылы да егін түсімі осылай мол болсын деген ниетпен тамаша табиғатқа, орман, көкөніс, жеміс-жидек тарту еткен тағдырға алғыс айтады. Дастарханға Германияның дәстүрлі тағамдарын, жаңа піскен көкөніс, жеміс-жидек, дәнді-дақыл, өзге де дәмді-тәттілерді қойылады. Бұдан бөлек Израиль халқы да Суккот мерекесі – алғыс айту күнін 3000 жылдан бері тойлап келеді. Шөл далада ауырмай-сырқамай, аман-сау өмір сүретініне, тағдырға алғыс айтады.

ЖШ Ақпарат