ППТК жағдайында емдік дене шынықтыру сабағының тиімділігі

Баламен үй жағдайында дене белсенділігін арттыруға арнлаған жаттығулар. Бұған жүру, жүгіру, секіру, лақтыру, өрмелеу, жерде бауырлап жорғалау, т.б. жатады. Осы көрсетілген қолданбалы жаттығулардың әрқайсысы-ның организмге тиімді әсерін тигізетіні белгілі. Әрбір жаттығу жай жүруден басталады. Көбінде жаттығумен өз бетінше үй жағдайында жасау барысында алдымен денемізді қыздырамыз.
Жүгіру — дене белсенділігін арттыратын негізгі жаттығулардың бірі. Ол ішкі ағзаларға, жүрек, өкпе, буындарға айтарлықтай күш түсіреді. Сол себепті жаттығуды баяу жүгіруден бастаймыз.
Секіру — арқылы адамның қимылдары үйлестіріледі, жылдамдығы артып, буын қимылдары реттеледі. Балаларға жіптен секіру не өкшені көтеріп селкілдеу ретінде беріледі.
Лақтыру – кішкене резина доптарды арнайы межеге лақтырады немесе үлкен доптарды балалар бір-біріне әрқилы жағдайда лақтырады (басынан жоғары, кеудеден, белден, сырт айналып оң не сол жағынан т.б.) Мұндай жаттығулар бұлшық еттерін жетілдіріп, буындардың қимылқозғалысын, дененің сезімталдығын арттырып, жүріс-тұрысын, тепе-теңдік қалпына келтіреді, көңілкүйді көтереді.
Өрмелеу – көлденең жазықтыққа, тік биіктікке, беткейге, сатыға, арқанға т.б. өрмелеу. Мұның барлығы дененің, әсіресе, аяқ-қолдың бұлшық еттерін ширатып, шынықтырып, қимыл- қозғалысын арттырады, тепе-теңдік қалыпты сақтайды.. Еңбектеу не бауырмен жылжу – омыртқа жотасының қимылын жақсартады.
Емдік дене шынықтырумен айналысу кезінде міндетті түрде мынадай қағидаттарды білу және ұстану қажет:

  1. Физикалық жүктеме біртіндеп ұлғаюы тиіс.
  2. Жаттығулардың түрлері мен қайталаулар саны белгіленетін күнделік жүргізу қажет, яғни тәртіп (режим) болуы міндетті.
  3. Гимнастика жасау барысында дұрыс тыныс алуы керек.
  4. Дененің қозғалысы көз алмасының қосалқы қозғалысымен бірге жүруі тиіс.
  5. Емдік дене шынықтырумен тамақтанғаннан кейін екі сағаттан кейін немесе тамақтанудан 30 минут бұрын айналысқан жөн.
  6. Қажетсіз міндеттерді алға қоюға болмайды. Нәтиже болмаса да қиындыққа мойымай, алға ұмытыла білу керек.
  7. Есіңізде болсын! Нәтиже тек еңбекпен және күнделікті жаттығулар арқылы келеді.
    • Е.Бектемиров,
      ЕДШ нұсқаушысы:
      Ескелді ауданының «№8 психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті» ККМ