1 НАУРЫЗ – АЛҒЫС АЙТУ КҮНІНЕ ОРАЙ ІС-ШАРА ӨТТІ

Көктемнің алғашқы күні, 1 наурызда Қазақстан халқы алғыс айту күнін атап өтеді. 2016 жылы Қазақстан халқы ассамблеясының мәжілісінде 1 наурызды алғыс айту күні деп бекітілген болаты. Бұл күн қазақтардың ынтымақшылдығы мен достастығының символы, қонақжайлылығының көрсеткіші ретінде атап өтіледі. Себебі, Кеңес үкіметі кезінде көптеген ұлт өкілдері Қазақстанға жер аударылған еді.

Осы орайда аудандық партия филиалының төрағасы Айдын Ықыласұлы Алғыс айту күнімен қатар келіп тұрған партия күніне байланысты партия ардагерлерін, партия белсенділерін, ауданға еңбегі сіңген бірқатар сала мамандарын партия алғыс хатымен марапаттады.

Қазақ кең болсаң, кем болмайсың деген әрқашан. Сол мінездің арқасында өзінің ғана емес, өзгенің де көңілін тауып келеді. Кішпейілділік, кешірімді болу, алғыс айта білу секілді қазақ қасиеттер де бойымызға дарыған. Сондықтан, көктемнің алғашқы күні алғыс айту мерекесінде ең алдымен айналамыздағы адамдармен жақын болуымыз керек.