КӨШБАСШЫ ӘЙЕЛДЕР: ДАМУ СТРАТЕГИЯЛАРЫ

Жетісу облысында 37 мыңнан астам партия мүшесінің 72 пайызын әйелдер қауымы құрап отыр.
Әйелдер қауымының қоғамдағы рөлі күн сайын артып келеді. Әйелдердің құқықтары мен мүдделерінің қауіпсіздігі жан-жақты қорғалуын қамтамасыз ету өте маңызды. Өйткені, әйел тұлғасының сауатты дамуын қалыптастыру — отбасы мен мемлекеттің әл-ауқатының жетістігі. Бүгін осы мақсатта, яғни әйелдердің мәртебесін көтеріп, олардың қоғамдағы белсенділігін арттыру мақсатында Әйелдер қанаты құрылып, өз жұмысын бастап кеткен.
Осы орайда, «AMANAT» партиясы Жетісу облыстық филиалы жанынан құрылған әйелдер қанатының кеңесі стратегиялық сессия форматында өтті. Сессия Ақсу, Алакөл, Сарқан Кербұлақ және Панфилов аудандарында жалғасын тауып, оған қоғам белсенділері санатындағы әйелдер қатысты.