Дәрігер-зор тұлға! Ол күннің құдіретті Сәулесі!

Қазақ халқының ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан және өзіне ғана тән бір жақсы дәстүрі бар. Ол қадірлеуге лайық, өмірін еңбекпен өрнектеген үлкендерді өнеге ету және оларды өскелең ұрпаққа үлгі етіп көрсету. Осындай құрметке лайық ақ халатты абзал жан Ескелді аудандық орталық ауруханасында басшылық етіп отырған Құсмолданова Сауле Рыспекқызын айтуға болады. Сауле Рыспекқызы Жетісу облысы, Қаратал ауданы, Үштөбе қаласында туылған. Өзінің дәрігерлік жолын Қаратал ауданы орталық аудандық ауруханасында гинекологиялық бөлімшесінің ординатор дәрігері, перзентханада гинекологиялық бөлімшесінің меңгерушісі болып бастайды. Қазіргі таңда ШЖҚ «Ескелді аудандық орталық ауруханасы» МКК директоры қызметін атқарады. Сауле ханымның талапшылдығы , жұмыскерлігі,адамгершілігі өте жоғары жан. Ол кісі ешқашан бүгінгі күннің жұмысын ертеңге қалдырмайтын осыны қарамағындағылардан да талап ететін дәрігер. Сауле ханым денсаулық саласында 30 жылдан бері абыройлы еңбек етіп келе жатыр. Осынау еңбектері еленіп Жетісу облысының үздік дәрігері» номинациясы , денсаулық сақтауды ұйымдастыру бойынша медицина ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі берілді, «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісі, «Шапағат» медалімен», Астана қаласының 20 жылдық мерейтойлық медалімен, Қазақстан Республикасының Конституциясына 25 жыл мерейтойлық медалімен және де жақын арада «Жыл дәрігері» деген атаққа ие болды. Осы орайда Сауле ханымнан бүгінгі медицина саласы жайында пікірін білген едік. Қазақта «тәні саудың- жаны сау» деген аталы сөз бар. Сондықтан бүгінгі таңда аурудың алу біз үшін өте өзекті болып, келешек ұрпақтың жарқын болашағының кепілі болып табылатын денсаулық мәселесін жетілдіру- біздің негізгі дәрігерлік парызымыз. Біз хылықтың бізге деген сенімі артатындай, қажетті кәсіби көмек алатынына күмәнданбайтындай, хылыққа қалтқысыз қызмет етуіміз керек,-дейді Сауле Рыспекқызы.


– Сәуле Рыспекқызы, әңгіме басын өзіңізден бастасақ. Медицина білім-біліктілікті талап ететін мамандық екені мәлім. Сіздің аталған салаға келуіңіздің сыры неде?
– Менің ойымша кез келгеннің дәрігерлікті қалауына болады. Бірақ сол атқа лайық бойында туа біткен қасиет табылуы керек. Мәселен, мейірімділік, жанашырлық сияқты мінез адам бойына білім арқылы ғана емес, ататегі, тәрбие арқылы беріледі емес пе? Әрине сауаттылық ¬басты шарт. Алайда біз айтып отырған тәрбиесіз берілген білім, ұлы ойшыл Әл-Фараби айтқандай, адамзаттың қас жауы. Сонымен бірге дәрігер сырқаттардың өмірін аса жауапкершілікпен мойнына алады.
Бұл салаға ертеректе келген аға буынның бойынан патриотизмді жиі байқаймын. Өйткені оларда еліне, халқына, бауырларына деген махаббат сезімі мол, өз ісіне адал. Қарап отырсаңыз уақытпен санаспай, күні-түні жүктелген міндетті орындауға дайын тұратынын байқаймыз. Қазіргі жас мамандардың өзіндік ерекшеліктері, тәуекелдері бар. Дегенмен осы тұрғыда үлкендерді үлгі тұтса ұтылмайды.

  • Сіз жыл дәрігері деген атаққа қалай жеттіңіз?
  • Әрине ол оңай болмады.. Бұл «АЛТЫН АДАМ» ұлттық жобасы аясында табысталды. Жеңімпаздарын марапаттау рәсімі Алматы қаласында өтті. Айта кетейік, халықаралық фестиваль ТМД-да бес елде өтеді. Олар Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Украина және Беларусь. Жеңімпаздарды іріктеу үшін әлеуметтік сауалнама жүргізіледі. Еліміздің әр өңіріндегі халықтың пікірі ескеріледі.Бұл мәртебеге халықтың арқасында, олардың қолдауымен алдым деп те айта аламын.
  • Дәрігер еңбегін немен салыстыруға болады?
    -Дәрігерге артылатын жауапкершілік өте үлкен. Өйткені оған адамның бойындағы ең қымбаты – денсаулығы тапсырылған. Ауыр халдегі науқасты аман алып қалғанда, адамдар «бірінші Құдайға шүкір, екінші аман алып қалған дәрігерге рахмет» деп айтып жатады. Енді осындай жағдайда Құдайдан кейін, екінші дәрігердің аты айтылып отырғанынан-ақ осы мамандық иелеріне қандай ауыр жүк артылатынын түсіну қиын емес. Әсте барлық мамандықтардың ішінен дәрігер еңбегі аса үлкен жауапкершілікті қажет ететін, ел-жұрт сыйлайтын мамандық. Қайтіп науқасты ажал тырнағынан арашалап қалам деп дәрігер жанын да, жүрегін де, білімін де аямайды. Қазір Аллаға шүкір, медицина қар¬қынды дамыды, диагностикалық мүм¬кіншілік артты, жүргізілетін ем-дом ши¬па болуда, тіпті ағзаларды алмастыру оталары өмірімізге батыл енгізілді. Көп¬теген қатерлі инфекциялық аурулар елімізде мүлдем жойылды. Өйт-кені қазіргі дәрігерлер ол аурудың шығу себебін, зерттеу жолдарын, клиникалық белгілерін, емдеу тәсілін және профилактикалық іс-шараларды жақсы біледі. Иә, елді күйзеліске ұшыратқан ауыртпалық кезеңдер елімізде аз болмаған. Сол кездері өмір сүрген адамдар оны жеңу үшін бастарын біріктіріп, ортақ ойға келіп, әртүрлі іс-шаралар жүргізіп, қиындықтарды жеңе білген. «Біз не көрмедік?! Аштықты да, тоқшылықты да…» деп күрсініп отырушы еді ертеректегі көне қариялар. Шынында, әр адам басына түскен іске көнеді, сынаққа төселеді, тайсалмай бо¬йына күш-қайрат жинап, әйтеуір бір шешімін тауып, қиындықтарды жеңеді. Бұл – өмір философиясы.
  • Өз жұмысыңызда қандай бағытты ұстанасыз?
  • Дәрігер болу үлкен жауапкершілікті қажет етеді. Ал бас дәрігер болу одан үлкен жауапкершілікті қажет етеді. Себебі, сен барлық медперсоналдың ісіне жауап бересің, сонымен барлық науқастың денсаулығына да жауап бересің. Ал өз ісімді жақсы жасауға тырысамын. Кезінде менің алғашқы тәжірибелік ұстазым айтқан еді «Ең бастысы өз мамаңдығынды жақсы көру деп». Уақыт өткен сайын, өмір өткен сайын осы айтылған сөздің дұрыстығына көзім жетіп келеді. Жұмыстағы негізгі қағидам да осы. Жұмысты жақсы көріп жақсы істеу. Одан басқаша жасауға болмайды.
  • Әйел адамға дәрігер болу қиын ба?
  • Әрине мамандықтың онайы жоқ. Әйел адам жұмыспен отбасыны қатар алып жүреді. Әйел адам бір қолымен әлемді , екінші қолымен бесікті тербетеді деген рас нәрсе. Қазіргі таңда медициналық білім алған жастар жетерлік. Білім, біліктілік, мейірім, еңбек, адалдық. Бұл дәрігер бойында болатын қасиеттер. Бірақ бұның бәрінен дәрігерге қажет ең негізгі қасиет –шыдамдылық. Әсіресе, жас мамандарға шыдам мен сабыр бастапқы уақытта тіптен қажет.
  • Қоғамдағы дәрігердің алатын орны?
    -Азаматтардың денсаулығы мен өмірін сақтауды қамтамасыз ету — әр мемлекеттің, қоғамның ерекше міндеті. Халықтың дсмсаулығын сақтау және лайықты өмір сүру жағдайын қамтамасыз ету — мемлекеттің адамгершілік саясатының көрсеткіші. Бұл әлеуметтік мәселені іске асыруда, дәрігердің кәсіби әрекеті және адамгершілік қасиеті маңызды болады.
    Адам өмірін сақтау, аурулардың алдын алу және денсаулығын қамтастыру, ем қонбайтын дерттерде қиналуын азайту, дәрігердің кәсіби әрекетінің басты мақсаты. Дәрігер өз әрекеттерін ар-ұятына негіздеп, Гиппократ антын және Қазақстан дәрігерлерінің антын басшылық етіп, гуманизміне және қайырымдылығына, әлемдік қоғамдастықтың әтика құжаттарына сәйкес орындайды. Дәрігер өз шешімдері мен әрекеттеріне толық міндетті және науқастарға көрсетілген жәрдемнің түрлеріне толық жауапты болады. Науқастарға көрсетілген жәрдемнің сапасы ешқашан да оның білімі мен біліктілігінен жоғары болмайтынын есінде сақтап, дәрігер міндетті түрде және үнемі кәсіби дәрежесін жетілдіруі керек. Дәрігер өз әрекетін іске асыруда медицина ілімінің соңғы жетістіктерін қолдануы қажет. Кәсіби шешім қабьшдауында, материалдық пайда табу жағы, дәрігерді қиянатқа итермелемеуі кажет. Дәрі шығару фирмаларының препараттарын тағайындау үшін, дәрігер олардың сыйлықтарын алуға дағдыланбауы жөн. Дәрілерді тағайындаған кезде, дәрігер тек науқастың кұкығын сақтап, меди-циналық көрсеткіштерін басшылық етеді. Соғыс және бейбітшілік жағдайында, медициналық жәрдемді қажет етуші адамдарға, олардың жасына, жынысына, ултына, дініне, әлеуметтік жағдайына, саяси көзқарасына, азаматтылығына және басқадай медициналық емес жағдайьша, сонымен қатар, материалдық жағдайына байланьтссыз көмек беріледі.
    -Дәрігер болғаныңызға өкінбейсіз бе?
    -Жоқ, өкінбеймін. Тіпті өзімді басқа маман иесі ретінде елестетіп те көрген емеспін. Дәрігер мамандығы – мамандық атаулы ішіндегі ең қасиеттісі әрі абыройлысы. Дәрігер мамандығы – аса жауапкершілікті, шыдамдылықты, өз ісіне деген сүйіспеншілікті қажет ететін ұлы мамандық. Дәрігер –адам жанының арашасы, адам жанының зерттеушісі, бағдаршамы, қорғаны екен. Адам өміріне араша түсетін дәрігерлік мамандықты таңдау үлкен жауапкершілікті жүктейді. «Дәрігер – арыстандай айбатты, қыздай икемді, анадай мейірімді болуы керек» деген ата-бабамыздың айтқан ұлы да ұлағатты сөздері бар. Арыстандай еш нәрседен қорықпайтын өзінің бойын қорқыныштың баурап алуына жол бермейтін, қыздай өз ісіне байыппен қарайтын, өз ісіне сеніммен қарай білетін, анадай науқастарға мейірімін төге білетін, өзінің анасы өзіне қандай мейіріммен қараса, ол да науқастарға сондай мейіріммен қарай білетін жан болуы тиіс.
    − Жас мамандарға, қабілетті деген дәрігерлерге қолдау білдіресіз бе? Қанша шәкірт тәрбиеледіңіз?
  • Дәрігер –қастерлі мамандық. Кез келген ауру түрімен күресу одан біліктілікті, асқан жауаптылықты талап етеді. Ажалға араша түсетін ақ желеңді абзал жандардың көбінде уақытпен санаспай, көп түндерін ұйқысыз өткізетіндерін бәріміз де білетіндейміз. Бірақ, «мен сендер үшін шаршап жүрмін» деп міндетсінген дәрігерді ешқайсысымыз білмейміз. Кез келген саланың өз ұстазы болады. Медицинада да солай. Ол студенттерге дәріс береді, біліктілігін жетілдіреді, ғылымға баулиды. Жас буынға қанат бітіріп, тәрбиелейді, тиісті бағдар береді.
    -Дәрігердің моральдық-этикалық бейнесі жайында не айтасыз.
    -Дәрігер, ерте заманнан бері келе жатқан, Ұлы Есім. Науқасқа ауруынан айықтыруға көмек беретін, емдейтін, қолдау көрсетіп, демеу беретін тұлға. Дәрігердің моральдық бейнесі әр түрлі болады яғни науқасқа зиян келтірмей, әділетсіздік жасамай барынша қандай жағдай болсада науқастардың өтінішін орындауға сондай–ақ олардың күтімін сақтау болып табылады. Моральдық бейне – бұл ішкі жан дүниесі, бет – бейнесі. Ал этика – үлгі өнеге және рухани тәрбие туралы ғылым, ол грек сөзі «etnos» — әдеп, мінез, өнеге деген мағынаны білдіреді, медициналық әдеп–кәсіби қызмет атқару кезінде әдеп сақтау принципін орындау болып табылады. Маман дәрігер ретіндегі, рухани — әдептілік біліктілігінің маңызы өте жоғары. Келісіңізші, дәрігер алдындағы кез-келген биоэтикалық жағдай, науқаспен қарым- қатынастағы кез-келген психологиялық қиындық, кез-келген мамандыққа қатысты тапсырмалар бұл дәрігер мамандығының маңызды құрамдас бөлігінің бірі болып табылады. Қоғамдық көзқарастың маманы ретінде дәрігердің моральдық-этикалық бейнесін елестетіп көрейік. Дәрігерлік өнердің этикалық және деонталогиялық негіздерін тануға бағытталған ғылыми зерттеулер материалдары, негізінен қызметтік міндетіне қарай дәрігер-тұлғасының әдептілігін мінездейді. Студенттердің арасында жүргізілген дәрігердің моральдық-этикалық бейнесі тақырыбында сауалнама барысында студенттердің ойы медициналық қызметтің әр мағыналығын әркім өзінше түсінуі негізінде қалыптасатыны анықталды, яғни жеке өмірлік тәжірибесі ішкі күтімі олардың оқу-практикалық қызметтегі тәжірибесі негізінде.
  • Уақыт тауып сұхбаттасқаныңызға рахмет!
    Алдағы бастамаларыңызға сəттілік тілейміз!