ТАУАРЛЫҚ ГАЗДЫ БӨЛШЕК САУДАДА ӨТКІЗУДІҢ ҮЛГІ ШАРТЫ

«Газ және газбен жабдықтау туралы » Қазақстан Республикасы Заңын, « тауарлық және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 3 қарашадағы № 96 бұйрығын, «Тауарлық және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» «Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2021 жылғы 23 тамыздағы №272 бұйрығымен «Тауарлық және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізудің, сондай-ақ коммуналдық- тұрмыстық және тұрмыстық тұтынушылардың газ тұтынушы жүйелері мен газ жабдықтарына техникалық қызмет көрсетудің үлгілік шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы12 қарашадағы №117 бұйрығын басшылыққа ала отырып, сондай – ақ, коммуналдық – тұмыстық және тұрмыстық тұтынушылардың газ тұтыну жүйелері мен газ жабдығына техникалық қызмет көрсетуді «KBS Gaz» ЖШС тауарлық газды бөлшек саудада өткізу шартын (бұдан әрі – шарт) жасасуды ұсынады, соның негізінде газеттің осы нөмірінде орналасқан меншікті тұрмыстық тұтыну үшін табиғи газды жеткізу жүзеге асырылатын болады. Тұрмыстық тұтынушы осы Шарттың негізінде өнім беруші берген газ үшін шотты бірінші рет төлеген кезден бастап, ал жаңадан қосылған тұмыстық тұтынушылар үшін — желіге бірінші рет іс жүзіндеқосылған кезден бастап күшіне енеді.
ТАУАРЛЫҚ ГАЗДЫ БӨЛШЕК
САУДАДА ӨТКІЗУДІҢ ҮЛГІ ШАРТЫ
Жетісу облысы Ескелді ауданы
Қарабұлақ кенті 20жылғы «»_
(шарттың жасалған орны)
«KBS Gaz» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі атынан директоры А.О. Бегайдаров Жарғы және Сенімхат негізінде әрекет ететін бұдан әрі бір тараптан «Жеткізуші» деп аталып, және Тұрғын үйдің иесі, бұдан әрі «Тұрмыстық тұтынушы» деп аталатын___________
екінші тараптан, бұдан әрі «Тараптар» деп аталып, төмендегілер туралы осы шартты (бұдан әрі – Шарт) жасасты.
1-тарау. ТЕРМИНДЕР МЕН АНЫҚТАМАЛАР
1.Осы Шартта мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1)газ – тауарлық газ;
2)газ тұтыну жүйесі – газ тарату жүйесінен тауарлық газды қабылдауға, сондай-ақ оны отын ретінде пайдалануға арналған газ құбырлары (желілік бөлік) мен газ жабдығы кешені;
3)есеп айырысу кезеңі – жеткізілген газдың көлемі айқындалатын, берілген газ үшін өнім беруші мен тұрмыстық тұтынушы арасында өзара есеп айырысу жүргізілетін кезең. Есеп айырысу кезеңі бір күнтізбелік айды құрайды;
4)есепке алу аспаптары – мынадай функцияларды: газды өлшеуді, жинауды, сақтауды, оның шығысы, көлемі, температурасы, қысымы және аспаптың жұмыс уақыты туралы ақпарат көрсетуді орындайтын өлшеу құралдары мен басқа да техникалық құралдар;
5)жеткізу – газды бөлшек саудада өткізу жөніндегі қызмет;
6)өнім беруші – «Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі – Газбен жабдықтау туралы заң) белгіленген жағдайларда газды бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын тұлға;
7)смарт-картасы бар есепке алу аспаптары – тұрмыстық тұтынушы өзі төлеген газдың барлық көлемін пайдаланған кезде газ беруді жабатын салынған бекітпе клапанмен жарақталған смарт-карта арқылы ақы төлеу жүйесі бар газды есепке алу аспаптары;
8)тұрмыстық тұтынушы – тауарлық газды кәсіпкерлік қызметте пайдалану және оларды одан әрі өткізу мақсатынсыз, тұрмыстық мұқтаждар үшін сатып алатын жеке тұлға;
9)тұтыну нормасы – есепке алу аспаптары жоқ тұрмыстық тұтынушылар үшін өздері тұтынған тауарлық газдың орташа айлық көлемін көрсететін есептік шама.
2.Осы Шартта пайдаланылатын өзге де терминдер мен анықтамалар Газбен жабдықтау туралы заңға сәйкес қолданылады.
2-тарау. ШАРТТЫҢ НЫСАНАСЫ
3.Өнім беруші тұрмыстық тұтынушыға қосылған желі арқылы оның тұрмыстық тұтынуы үшін газды беруге, ал тұрмыстық тұтынушы осы Шарттың талаптарына сәйкес газ үшін ақы төлеуді жүргізуге міндеттенеді.
4.Газды тиісінше жеткізу үшін, оның ішінде тұрмыстық тұтынушы тарапынан – газбен жабдықтау жобасының, газ тұтыну жабдығына паспорттың, салынған объектіні пайдалануға қабылдау актісінің, газ құбырын салу паспортының, түтіндік және желдеткіш каналдарын тексеру актісінің, сондай-ақ газ тұтыну жүйелеріне техникалық қызмет көрсету шартының болуы газды жеткізу Шартын жасасу талаптары болып табылады.
5.Тұрмыстық тұтынушыны газбен қамтамасыз ету газ тарату желілері, газ пайдалану жабдықтары дұрыс техникалық жай-күйде болған кезде жүргізіледі.
6.Есепке алу аспабы, ал ол жоқ болған кезде тұтыну объектісіндегі бекітпе құрылғысы (іске қосу краны) газды қабылдау-тапсыру пункті болып табылады.
7.Осы Шарт бойынша жеткізілетін газ Қазақстан Республикасының ұлттық стандарттарының талаптарына сай болуы тиіс
8.Есепке алу мақсатында тауарлық газ көлемінің өлшем бірлігі үшін Цельсий бойынша 20 градус температурада және сынап бағанының 760 миллиметр қысымында бір текше метр газ қабылданады. Сыртқы ортаның параметрлері осы Шарттың 8-тармағында көрсетілгендерден өзгеше болған кезде, өнім беруші есепке алу аспабының паспортына не Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы №491 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №16429 болып тіркелген) бекітілген Газдың жұмыс параметрлерін стандартты жағдайларға келтіру жолымен корректорларсыз есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін қайта есептеу әдістемесіне сәйкес газдың жұмыс параметрлерін стандартты талаптарға келтіру жолымен корректорларсыз есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін қайта есептеуді жүзеге асырады.
3-тарау. ТАРАПТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
9.Өнім беруші:
1)алынатын газ үшін тұрмыстық тұтынушы дұрыс төлем жүргізген және осы Шарттың жағдайлары сақталған жағдайда тұрмыстық тұтынушыға арналған мөлшерде қажетті талап етілетін сапалы газды үздіксіз беруді жүзеге асыруға;
2)газ тұтынуды есепке алуға, сондай-ақ осы Шартпен көзделген міндеттемелердің тиісінше орындалуын қамтамасыз етуге;
3)тұрмыстық тұтынушының жабдықтың қуатын ұлғайту және қосымша газ жабдығын орнату үшін техникалық шарттарды алуға, газбен жабдықтау схемасын техникалық жағынан күрделі емес объектілер үшін 2 жұмыс күні ішінде, техникалық жағынан күрделі объектілер үшін 5 жұмыс күні ішінде өзгертуге жазбаша өтінішті мәні бойынша қарауға;
4)қауіпсіз, авариясыз және үздіксіз газбен жабдықтауды қамтамасыз етуге және газды қабылдау-тапсыру пунктіне дейін газдың қысымын ұстауға;
5)бұқаралық ақпарат құралдары арқылы газ бағасының өзгергені туралы ақпаратты тұрмыстық тұтынушының назарына жеткізуге;
6)бақылау мақсатындағы тексерулер кезінде тұтынушыға көрсетілетін қызметтік куәліктермен өз қызметкерлерін қамтамасыз етуге;
7)тұтынушы берген өтініштің және басқа да растаушы құжаттардың негізінде тұратындардың санын өзгертуді, өзара есеп айырысуларды салыстырып тексеруді жүргізуге;
8)тұрмыстық тұтынушыға тұтынылған газдың мөлшері және есеп айырысу кезеңі үшін төлем мөлшері туралы мәліметтерді қамтитын қағаз немесе электрондық түрдегі шот-хабарламаларды ай сайын ұсынуға;
9)есепке алу аспабын тексеру мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік алпыс күн бұрын тексеру қажеттілігі туралы тұрмыстық тұтынушыны хабардар етуге;
10)жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізу және жаңа тұтынушыларды қосу үшін тауарлық газ беруді тоқтатқанға дейін 48 сағаттан кешіктірмей тұтынушыны ескертуге міндетті.
10.Тұрмыстық тұтынушы:
1)осы Шарттың талаптарына сәйкес газ үшін ақы төлеуді жүргізуге;
2)газ тұтыну жүйелерін, түтіндік және желдеткіш каналдарын, оның қарамағындағы газ желілерінің учаскелерін қауіпсіз пайдалануды, түтіндік және желдеткіш каналдарын уақтылы тексеруді және тазартып тұруды қамтамасыз етуге;
3)өнім берушінің өкілдеріне қызметтік куәліктерін көрсеткен кезде есепке алу аспаптарын, газ жабдығын, тұрып жатқандардың саны жөніндегі деректердің дұрыстығын және салыстырып тексеру туралы жарамды сертификаттың бар екенін тексеру үшін газ тұтыну жабдықтарына, газ желілеріне және есепке алу аспаптарына кедергісіз қол жеткізуді қамтамасыз етуге;
4)өзіне тиесілі газды есепке алу аспаптарының сақталуына, техникалық жай-күйіне және салыстырып тексерілуіне, сондай-ақ өнім беруші жүзеге асырған оның пломбалануының бүтіндігіне жауапты болуға;
5)өнім берушінің техникалық талаптарын алғаннан кейін ғана газбен жабдықтау схемасын өзгертуді, тұтыну көлемін ұлғайтатын жабдықты және қосымша газ жабдығын орнатуды және іске қосуды жүргізуге;
6)газ тұтыну көлеміне және оған ақы төлеуге (тұрып жатқандар санының өзгеруі, жылытылатын ауданның мөлшері, газ жабдығының қуаты) әсер ететін деректердің жай-күйі және болған өзгерістер туралы өнім берушіні жазбаша түрде хабардар етуге міндетті. Тұрмыстық тұтынушы болған өзгерістер және есепке алу аспабынсыз газды тұтыну, оның жарамсыз екені не газ жабдығының параметрлеріне сәйкес келмейтіндігі туралы хабарламаған жағдайда, тұтынылған газдың көлемі өнім берушіде бар деректер бойынша есептеледі. Бұл ретте газ үшін қайта есептеулер тұрмыстық тұтынушы растайтын құжаттарды қоса бере отырып, тиісті өтінішті берген сәттен бастап жүзеге асырылады
7)осы Шарттың талаптарына сәйкес газды оның тікелей мақсатына қарай ұтымды пайдалануға;
8)паспорт деректеріне сәйкес оны пайдалану мерзімінен асып кеткен кезде, газ жабдығын ауыстыру бойынша шаралар қабылдауға;
9)пломбаның зақымданғаны немесе бүтіндігінің бұзылуы, есепке алу аспабының ақауы немесе тоқтауы анықталған кезде газ тарату ұйымына немесе топтық резервуар қондырғысының иесіне осындай ақаулық анықталған немесе бұзылған күні осы факт туралы дереу хабарлауға міндетті.

  1. Өнім беруші:
    1)уақытылы және толық мөлшерде газ үшін ақы алуға
    2)газдың тұтынылуын есепке алуды жүзеге асыруға;
    3)кранды қосатын жерден жауып, одан әрі пломба салып немесе тұрмыстық тұтынушыны алдын ала хабардар етпей, дәнекерлеу үшін ажырату арқылы газ беруді тоқтату үшін негіз болған себептерді жойғанға дейін тұрмыстық тұтынушыға газ беруді мына жағдайларда тоқтатуға:
    тұрмыстық тұтынушы пайдаланылған газ үшін ақы төлеу тәртібін бұзған кезде, қызметтер көрсетуді тоқтата тұрғанға дейін кемінде күнтізбелік он күн бұрын тұрмыстық тұтынушыны алдын ала хабардар ете отырып,тұрмыстық тұтынушыны кемінде күнтізбелік 5 күн бұрын мынадай жағдайларда:
  • өнім берушінің техникалық шарттарын алмай-ақ газ желілерін қайта жабдықтағанда;
    -өнім берушінің өкілдерін қатарынан екі есеп айырысу кезеңі бойы газ жабдығына, газ құбыры мен есепке алу аспаптарына (олар болған жағдайда) жібермеген жағдайда алдын ала хабардар ете отырып;
    тұрмыстық тұтынушыны алдын ала ескертпей, мынадай жағдайларда:
  • тұтынушы газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің қауіпсіздік талаптарын бұзса;
    -газды заңсыз тұтынуға әкеп соққан газбен жабдықтау жүйесіне өз бетінше және/немесе заңсыз қосылса;
    -газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің техникалық ақауы болса газ беруді тоқтатуға құқылы.
    Газ беруді тоқтату (шектеу) туралы хабарлама тұтынушыға электрондық поштамен, пошта жөнелтілімімен, қысқа мәтіндік хабарламамен,
    мультимедиалық хабарламамен, қолданыстағы мессенджерлермен не хабархаттың немесе шақырудың тіркеліп-бекітілуін қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдары пайдаланыла отырып жіберіледі.
    Тұрмыстық тұтынушыны газбен жабдықтауға қосу пайдаланылған газ үшін қарызды, тұрақсыздық айыбын және газбен жабдықтауды ажырату және қосу жөніндегі көрсетілген қызметтер үшін ақы толық төлегеннен кейін жүргізіледі;
    4)ажыратқанға дейін кемінде 48 сағат бұрын тұтынушыны алдын ала хабардар ете отырып газ құбырларындағы жөндеу-алдын алу жұмыстарын жүргізген кезде, сондай-ақ азаматтардың денсаулығына, өміріне, мүлкіне, қоршаған ортаға қауіп тудыратын авариялардың алдын алу және жою жөніндегі шұғыл шараларды қабылдау үшін тұрмыстық тұтынушыға уақытша газ беруді тоқтатуға;
    5)газ жабдығы, есепке алу аспабы, жылытылатын алаң, тұратын адамдардың саны, құрылыстардың бар-жоғы туралы мәліметтер, сондай-ақ газды есепке алу және газ тұтынуда көрсетілетін деректер алуға құқылы.
  1. Тұрмыстық тұтынушы:
    1)осы Шартта ескерілген, белгіленген сападағы газ алуға және пайдалануға;
    2)заңнамада белгіленген тәртіппен және осы Шарттың талаптарына сәйкес газдың бағасы туралы ақпарат алуға;
    3)есепке алу аспабы болмаған кезде алдын алу және жөндеу жұмыстарын жүргізуге кеткен уақыттағы үзілістер үшін газға ақы төлеуді жүргізбеуге;
    4)көп қабатты тұрғын үйдің сенімді тұлғасы арқылы кондоминиум объектісін басқару органы мен өнім беруші арасындағы ынтымақтастық шартын жасасуға;
    5)өнім берушімен қағаз жеткізгіште шарт жасасуға құқылы.
    4-тарау. АҚЫ ТӨЛЕУ ТӘРТІБІ
    13.Тұрмыстық тұтынушы газ үшін төлемді ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 25-іне дейінгі мерзімде жүргізеді-картасы бар газды есепке алу аспабын пайдаланған кезде газ үшін ақы төлеу өнім берушінің шотына қажетті газ көлемінің құнын аудару жолымен жүргізіледі.
    14.Есепке алу аспабының көрсеткіштерін өнім берушінің өкілдері тұрмыстық тұтынушымен бірлесіп ағымдағы айдың жиырмасынан кейінгі мерзімде алады. Пәтерде немесе жеке үйде тұратын тұрмыстық тұтынушының кінәсінен екі есептік кезең ішінде пәтерде немесе жеке үйде орналасқан есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін алу мүмкін болмаған кезде, өнім беруші тұрмыстық тұтынушының есепке алу аспабының нақты деректері бойынша кейіннен қайта есептеу арқылы көрсетілген кезең үшін газ тұтынуды тұтыну нормасы бойынша есептейді.
    15.Есепке алу аспабының жарамсыз екені анықталған кезде тұтынылған газды есептеу соңғы тексеру жүргізілген күннен бастап анықталған күнге дейінгі, бірақ тұрмыстық тұтынушы жүргізген төлемді ескере отырып, екі айдан аспайтын кезең үшін қолданыстағы газ тұтыну нормалары бойынша жүргізіледі.
    16.Тұрмыстық тұтынушының есепке алу аспабын тексеру мерзімі өткен жағдайда тұтынылған газ көлемі үшін есеп айырысу тексеру мерзімі өткен күннен бастап қолданыстағы тұтыну нормасы бойынша жүргізіледі. Есепке алу аспабының көрсеткіштері бойынша қайта есептеу тексерудің оң нәтижелері болған жағдайда, бірақ алты айдан аспайтын мерзімге жүргізіледі.
    5-тарау. ТАРАПТАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ
    17.Газ үшін ақы төлеу бойынша өз міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған тұрмыстық тұтынушы қарызды толық өтеген сәтке дейін әрбір мерзімі өткен күн үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің қайта қаржыландыруының 1,5 еселік мөлшерлемесі көлемінде тұрақсыздық айыбын төлейді, бірақ тұрақсыздық айыбының сомасы газ үшін ақы төлеу жөніндегі берешек сомасының он пайызынан артық болмауға тиіс.
    18.Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 3 қарашадағы №96 бұйрығымен бекітілген Тауарлық және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізу және пайдалану қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №9936 болып тіркелген) (бұдан әрі – Қағидалар) 36-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген бұзушылықтар кезінде өнім беруші Қағидалардың 47-тармағының 1) тармақшасына сәйкес газдың шығысын қайта есептеуді жүргізеді.
    19.Өнім берушінің өкілі осы Шарт бойынша тұрмыстық тұтынушы жіберген бұзушылықтар туралы актіні екі данада ресімдейді, олардың бірі тұрмыстық тұтынушыға беріледі. Актіге техникалық құралдарды қолдана отырып, бұзушылықтар (фото – және/немесе бейнетіркеу) тіркелген жағдайда, тұрмыстық тұтынушы оған қол қоюдан бас тартса да акт жарамды болып табылады, бірақ ол туралы жазба жазылады.
    20.Тараптардың өз міндеттемелерін орындамауына әкеп соқтырған еңсерілмейтін күш салдарынан (дүлей зілзалалар, апаттар, төтенше жағдай режимін енгізу, халықаралық шарттың қолданылуын бұзу/тоқтата тұру, газ тасымалдау жүйесіндегі авария) туындаған мән-жайлар себебінен осы Шарттың талаптарын орындамағаны үшін Тараптар жауапкершіліктен босатылады.
    6-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
    21.Шарт оны жасасқан сәттен бастап күшіне енеді және тараптар үшін міндетті болады және газ тұтыну жүйелерін пайдалану кезеңінде, ал есеп айырысулар мен қаржылық міндеттемелер бойынша – олар толық аяқталғанға дейін қолданылады.
    22.Тұрмыстық тұтынушы өнім берушіні кемінде күнтізбелік 30 күн бұрын жазбаша хабардар еткен кезде және пайдаланылған газға төлемақы, төлем құжаттарында көрсетілген кезде – араласқаны, өз бетімен қосылғаны үшін өсімақы, есептеулер толық төленген жағдайда біржақты тәртіппен осы Шартты бұзуға құқылы.
    23.Осы Шарттағы даулы мәселелер бойынша келісімге қол жеткізілмеген кезде даулар мен келіспеушіліктер Қазақстан Республикасының қолданыстағы азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен шешіледі.
    7- тарау. ТАРАПТАРДЫҢ ЗАҢДЫ МЕКЕНЖАЙЛАРЫ