Бүгінде банктен және микроқаржы ұйымдарынан алынған несиелер азаматтардың әлеуметтік әл-ауқатына әсер етуде. Қолжетімді несиелер, қаржы ұйымдарының жоғары пайыздық мөлшерлемелері, ең бастысы, қаржылық сауаттылықтың төмендігі – жыл сайын халықтың қарызын арттыруда.
Осы мәселенің шешімі ретінде ағымдағы жылдың 5 ақпанда халыққа қаржылық сауаттылықты үйрету мақсатында «Қарызсыз қоғам» партиялық жобасы шеңберінде «Халықтың қаржылық сауаттылығы бойынша құзыреттерді арттыру» оқу курстары осы аптада Ақсу, Ескелді, Көксу, Панфилов аудандарында жүргізіліп жатыр. бүгінгі күні 500-ге жуық адам қамтылды.
Жобаға қатысушылар қаржылық мәселелердің қалай туындайтынын, несиелік қарыздар санын азайтудың жолдарын, алаяқтық әрекеттерді қалай анықтауға болатынын үйренді. Ал ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлер компания бюджетін қалыптастыру тәртібі, салық есеп-қисабын ұсынуды және мемлекеттік қолдау бағдарламалары бойынша қаржыландыру шарттары туралы құнды ақпарат алды.